Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Dior 2025 круиздік топтамасы туралы білуі керек нәрселер

Француз Үйінің жаңа маусымаралық шоуын шақпақ, тренд және ырымдары бойынша талдаймыз

4 июня 2024

Локация сананы анықтайды. Сән әлемінде әрбір ірі брендтің круиздік топтамасының іс-әрекет орны шоудың басты тақырыбы және шабыт көзі болатыны сөзсіз. (Louis Vuitton-ның Барселонадағы испан мотивтерінің жақында болған шоуын немесе сол баяғы Dior Үйінің Мексикадағы өткен жылғы шоуын еске алу жеткілікті). Жаңа ландшафтқа марканың тарихын қалай енгізуге болады? Ал жаңа аумақта француз сәнінің гүлдерін қалай шығаруға болады? Dior Cruise 2025 өткізу орны болып Эдинбургтің шеті таңдалды.

Шотландия Dior бренді үшін тіпті бөтен емес. Креативті директор Мария Грация Кьюри Үйді қаулаушының өзі өте қатты ұнатқан аумаққа кіреді. Осы солтүстік жерлерде Кристиан Диор тұтынушыларға 1955 жылғы көктем-жаз силуэттерін ұсынған. Кутюрье бірден екі шотланд (қайрымдылық) көрсетілімін өткізген. Бір дефиле Глазгода өтсе, екіншісі — Оштерардер курортында. Тіпті 70 жыл өткен соң Dior Шотландяға қайтып келді. Осы жолы астанаға, Эдинбургке.

+2

2024 жылғы 3 маусымда жаңа көрсетілім үшін подиум болған Драммонд қамалының жанындағы 17 ғасырғы айбынды бақшалары. Түзу тұрған симметриялықсаяжолдар, қырқылған бұталардың кескінді қатарлары, және, әрине, бай розарий. Бұдан көркем декорацияларды елестету қиынға соғады. Жаздың күнтізбелік басталуына қарамастан, шотландық суықтар өздерін танытты. Тек қонақтар ғана тренчтерге, пальтоларға және жүн көйлектерге орынған жоқ. Подиуімдегі модельдер де көпқабатты күз колоритін демонстрациялады, бұл әдетте уайымсыз жаз круиздік шоулары үшін үлкен сиреккездесетін жайт.

Мария Грация Кьюри Dior Cruise 2025 топтамасының музасы қылып өзінің аттасын таңдады. «Шотландияның тарихын зерттей отырып, мен Мария Стюарттың тұлғасымен ерекше шабыттандым. Ол он жылдар бойы тынышталу және ойлану үшін, сондай-ақ түрмеде өткізген 19 жыл бойы өзін таныту үшін тігін тігетін», -деп шоу туралы өзінің ескертпелерінде дизайнер әңгімелейді. Патшайымның тігінге деген сүйіспеншілігінол кең ауқымды белдемшелерде және кеудешелерде, көйлектердің ақ шілтір көкірекшелерінде және күрделі апплекацияларда көрсетті. Стюарт гардеробының тағы бір«ерекше белгісі» — ауыр сыбдырлаған бархат.

+7

Бізге фирмалық шақпақтың бір де бір түрін қолданбағанбір «шотландтық» топтамасын көрсетіңізші? Мария Грация өзінің круиздік көрсетілімдері үшін жергілікті мастерлерді, кішігірім өндірушілерді, суретшілерді және музыканттарды баяғыдан бері және мұқият таңдайды. Шотланд-шақпақша тақырыбының әртүрлі нұсқаларының жұмысы үшін Мария Грация ынтымақтастыққа Le Kilt брендін қалаушы дизайнер Саманта Маккоучті шақырды. Жас шотландық табиғаттан тыс түрде өзінің шығармашылығында «бақташылардың материалын» жәнеЛондонның 1980 жылдардың басындағы түнгі клубтардың атмосферасын біріктірді. Бұл көше стилінің көкейтесті бір бөлігі, оны Кьюри топтамаға өте қатты қосқысы келген. «Оның мақсаты дәстүрлерді жаңа ұрпаққа жеткізу болды, менің ойымша, ол өте тамаша шықты. Бұл сүйкімді және жас, жаңа және де өте талғампаз», — деп Мария Грация атап өтті.

Dior Cruise 2025 топтамасы әрдайым орта ғасырлық силуэттер (осы жерге лайықты) және қазіргі панк мотивтері арасында тербелуде. Тіпті мүмкін бір жағынан басқа «индустрия патшайымы» — Вивьен Вествудқа құрметін көрсеткен болар. Осыдан болар етегі былғары белбеуге тағылған мини-белдемшелер; және тығыз бауланған корсеттер сериясы көрсетілді.

+2

Бұл хикаяда үшінші патшайым бар сияқты көрінеді — Елизавета ІІ. Балморал қамалы, ғасырлардан бері монархтардың сүйікті шотланд резиденциясы, 2022 жылғы қыркүйекте Ұлы Мәртебесі өзінің қайтыс болатын жео ретінде таңдап алған орны ретінде қазіргі заманғы тарихта қалды. Dior топтамасында оның аң аулауға деген құмарлығы да көрініс тапты. Ол жоғары кең қоныш етікжәне міндетті түрде одан шығып тұрған гольфтар, онымен зайрлы кештерде де, батпақтарда да жүруге болады.

Бұл былғары жапқыш-күртелер, ер-тоқымда онымен желден қорғануға болады және/немесе устрица және шампан өңіріне керемет саяхатқа аттануға болады.

Десертке — феминизм. Бұл тақырыптан Мария Грация Кьюри ешбір шоуда бас тартпайды және тікелей өз клиенттерін оған шақырады. Bossy, Fierce, Emotional, Hysterical, Difficult, Nag және Moody принті — шілтер майкалар мен брон-корсеттерге тігілген эмоциялар-стереотиптер.