Tatyana Yan клиенттері және музалары тек арманшыл жандар ғана емес, трендтерді бақылайтын сәнгерлер де. 2024 көктем-жаз жаңа топтамасы coquette эстетикасына сүйсіне қарайтын, алайда рюш пен таспаларда тым қарапайым немесе инфантильді көрінгісі келмейтіндерге ұнайды. Нәзік плиссе, мөлдір маталар, гүлді декор және сымбатты шілтір — бақшадағы түсірілім образдарынан София Копполаның фильмдерінің стиліндегідей зияткерлік романтикамен аңқыйды.
«Әрбір қызда өмірінде бір рет болсын кенеттен барлығын тастап, түнгі жазық далада жалаң аяқ жүгіруге қатты ниеті туындаған. Тікенектерді кең көйлекпен түртіп, шалынып, күліп және бар дауысымен әндерді әндету, — осылайша қазақстандық дизайнер Татьяна Ян өзінің жаңа топтамасын сипаттайды. — Бұл жұлдызды түндегі өлеңдер. Бұл қалтыраған жанасу. Бұл өмір кез келген кинодан да қызығырақ болып көрінетін сәттер. Бұл шаттық, сауық-сайран, толық бостандық және шабыт». Бұл киімдер таң атарда, кеш аяқталып, барлығы үйлеріне тарқап кеткен кездегі құрбыларыңмен сырлы сұхбаттар үшін жасалған сияқты. Біз таң қалудамыз!
Бейне — @sullakh
MUAH — @robert_aldiyarov @robert_aldiyarov_makeup @lena.pro.hair
Модельдер — @marika_moonlight (@cassismodelmgmt) @leila_nnr (@silencemodels)
Түсірілім орны — @sadovaya_rapsodiya