Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Мұқабадағы қыз: топ-модель Лиза Хан туралы 9 фактілер

Marie Claire Kazakhstan жаңа тарихындағы алғашқыбаспа нөмірінің мұқабасындағы кейіпкерді ұсынамыз — қазақстандық топ-модель Лиза Хан. Әңгімелесу бірінші тұлғадан

26 января 2025

1. «Мен Қазақстанның оңтүстігінде туып, өстім, Шымкентте. Қазір 25 жастамын, және мен өз елімде шамамен 16 жастан бастап тұрмаймын. Бірақ, әрине, туған елім әрқашан менімен бірге — кішкентай затарда, менің темпераментімде. Бұл әйгіліқазақстандық қонақжайлылық, мұқтаждарға деген қамқорлық. Сонымен бірге, қатты сөйлеу және күлу — менің әдетім. Менің ойымша, бұл да біздікі, оңтүстіктікі. Үйге мен жиі келіп тұрамын, сәті түскен сайын, кем дегенде жылына бір рет. Шымкентте модельдік бизнестегі менің жетістіктерім туралы жақсы біледі. Кейде жастар далада маған жақындап, менің Инстаграм парақшамды бақылайтындарын айтып жатады. Маған ол әрқашан өте қатты жағады, және мұндай жанкүйерлермен ұзақ уақыт сөйлесіп тұра беремін».

Marie Claire Казахстан журнал | Источник: Jonas Bresnan


Көйлек, Sportmax; Алқа Serpenti, BVLGAR

Источник:

Jonas Bresnan

2. «Менің модельдік мансабым 2018 жылы басталды, мен ол кезде әлі университетте оқып жүрдім. Сол кезде маған моделингтегі жұмысқа қатысты сұраныстар әрдайым түсетін, бірақ мен оларды елемедім. Бір күні маған жеке хабарламама Надя деген қыз жазды, Avant модельдік агенттіктің букері. Онымен менде тез сенімді қарым-қатынас қалыптасты. Біз жазыстық, бәрін талқыладық, және бірнеше күннен кейін мен Мәскеуде болдым. Надямен бір шыны кофе ішіп кездестік және сол жерде келісім-шартқа қол қойдым. Және қателеспедім: бұл агенттік әлі күнге дейін менің мүдделерімді білдіреді».

3. «Тіпті сол айда мен Еуропаға модель ретінде ұшып кеттім. Бәрінен де, әрине, сол кезде менің анам уайымдады. Сол уақытқа дейін мен өмірімде бір рет болса да ТМД сыртына шығып көрмегем, ал бұл жерде — Милан! Оған звондап, айтқаным есімде: „Анашым, бірсігүні мен Dolce & Gabbana подиумында жүремін!“ Анам әрқашан үлкен сәнқой болатын, сол себепті қуанып, менен қатты айғалады. Бұл менің бірінші көрсетілімім болды. Әлі күнге дейін аяғымның дірілдегенін есіме түсіріп, күлемін. Ал Доменико Дольче көйлекті менің үстімде қысқартып, олардың фирмалық сөзін айта берді: „Мен үшін ары-бері жүріп өтші, bella!“».

Marie Claire Казахстан журнал | Источник: Jonas Bresnan

Пиджак, юбка, барлығы — Didu; колготки, Falke; алқасы Srpenti, BVLGARI

Источник:

Jonas Bresnan

4. «Индустриядағы осыншама жыл ішінде қазақстандық басылымдардан маған бірде бір сұраныс түспепті. Алайда менде Vogue Thailand-та мұқаба, Vogue Japan-да бьюти-мұқаба бар, сондай-ақ американдық және азиялық журналдарда көптеген басылымдық портфолио бар. Сол себепті сендер менде біріншісіндер, жақындарым! Marie Claire қазақстандық басылымнан сұраныс түскендігі туралы менің агентім айтқанда, мен қуаныштан секіріп, шексіз риза болдым. Оның маған жазғаны есімде: „Билет таңдай бастайық! Сен үйіне түсірілімге ұшасын“».

5. «Менің орындалған арманым — Yohji Yamamoto көрсетілімі. Бренд менен екі рет бас тартты, бірақ мен оны сабырмен қабылдадым — мұндай заттар шынықтырады. Алайда мен берілмедім, және үшінші рет мені шоуға іріктеп алды. Йоджи Ямамотомен тікелей жұмыс істеу керемет қызық болды. Ол — тірі аңыз. Өте көп темекі шегеді, әйгілі қалпағын ешқашан шешпейді және әрқашан бастан аяғына дейін қара киеді».

Marie Claire Казахстан журнал | Источник: Jonas Bresnan

Тон, Iro; сырғалар, Wens

Источник:

Jonas Bresnan

6. «Мен американдық мәдениет негізінде өстім: фильмдер, музыка, киім. Әкемнің ескі фотоальбомын тапқаным есімде. Ол 16-17 жасында Нью-Йоркта тұрды, және мен әрқашан оның образдарына тәнті болып, қарап отыратынмын: кең футболкалар, түсіп тұратын джинстар, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік. Модельдік мансабым басталар бұрын мен ешқашан саяхаттаған жоқпын. Менің 12-ші туған күнімде анам тосын сый ұйымдастырды — менің бөлмеме жөндеу жасап, бүкіл қабырғаға Бруклин көпіріне қараған панорамалық көрініспен фото жабыстырды. Әр кеш сайын мен осы суретке қарап, ұйықтайтынмын. Ал енді бұл көрініс менің тереземнің арғы жағында».

7. «Штаттағы бірінші жыл өте қиын болды. Мен бұл жаққа пандемияның өршіп тұрған кезінде, 2020 жылы көшіп келдім. Агенттіктің өкілдерінен басқа ешкімді бұнда танымадым. Қазір менде үлкен достаркомпаниясы бар — қазақтар, орысша сөйлейтіндер және американдықтар. Менің жігітім Висконсиннан, мен оны „жаным“ деп атаймын және құрт сыйлаймын. Нью-Йоркте өмір сүру керемет қымбат, бірақ жұмыс жағынан бұл өте ыңғайлы және перспективалы жер. Менің мүдделерімді Америкада The Lions беделді агенттік ұсынады (Али Кавусси басшылық етеді, ол Джерри Холл, Амелия Грей, Кэндис Свейнпол, Ева Герцигова сияқты және тағы басқа супер модельдермен жұмыс жасайды. — Ред.ескер.). Осындай сөз бар: „Егер сеніңНью-Йоркте қолынан келсе, онда сенің барлық жерде қолынан келеді“.

Лиза Хан модель | Источник: Jonas Bresnan

Көйлек, Dior; колготки, Falke

Источник:

Jonas Bresnan

8. «Мұқаба түсірілімінен ең есте қаларлық сәт: біз Франциядағы Қазақстанның елшілігі есігіне жақындағанда мен туған жерімді естідім: „Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз!“ Де-факто біз Қазақстанның аумағында болдық. Мен туған жерімде болып қайттым деген сөз. Сол күні ауа-райы экстремалды болды: жауын, қатты суық. Бірақкоманданың маған деген жанашырлығын өзім үшін белгіледім. Ыстық шай берді, үстіме көрпе жапты. Әрбір сондай кішігірім сәттерді өзім үшін байқадым, және бұл қамқорлық мен үшін көп нәрсені білдірді».

9. «Жаңадан бастаған қазақстандық модельдер үшін кеңестер. Ең айқыны — тілді дамыту. Өзіңізді ағылшынмен жай ғана қоршаңыз: музыка тыңдаңыз, телехикая көріңіз, кітаптар оқыңыз. Басыңда барлығын түсінбесеңіз де, бұл ақырындап сізбен бірге интуитивті деңгейде қалады. Өзіңізді көрсетуге және өзіңіздің даралығыңызды білдіруге қорықпаңыз. Мені, мысалы үшін, барлығы әрдайым әзілдеп, күліп жүретін шулы және дауысты мадам ретінде есте сақтайды. Бірақ түсірілім басталысымен мен өзімді кәсіби ұстаймын — фотографтың нұсқауларын мұқият тыңдаймын. Ұқыпты және сыпайы болу өте маңызды. Жұмыс кезінде сізде командамен бір жалпы мақсат — сұлулық жасау. Және әрине, „Сіз бізге жарамайсыз“ деген сөзге ешқашан сіздің амбицияларыңызды және ынтаңызды жоюға жол бермеңіз. Себебі әрбір „жоқ“ дегенге ақыры соңында өзіндік „иә“ табылады».