Осы күндері Миланда ерлер Сән аптасы өтуде, 2025 көктем-жаз маусымы. Fendi-дің әрбір көрсетілімі күнтізбедегі маңызды сән оқиғасы болуда, осы жылы да дәл солай.
Ерлер бағытындағы креативті директоры және империяның мұрагері — Сильвия Винтурини Фендидің жаңа топтамасын стилисттер және редакторлар барлық жағынан мақтауға алып жатыр. Және дұрыс мақтап жатыр! Өзінің атмосферасы бойынша бұл жеңіл топтама барлық әлемнің әйгілі тігіншілер техникасын өзінде үйлестірлі (былғарымен итальяндық жұмыстан бастап «жапон дайындығының» мақтасына дейін). Барлық силуэттер ұнтақты реңктерге басымырақ боялған, ұнамды дорбалы түрде көрінеді және ең қатал іскерлік стильге қатты байыппен қарамауға шақырады.
Marie Claire Kazakhstan баспасының назары Fendi көрсетілімдегі киімге ғана аударылған жоқ, сондай-ақ керемет кастингті байқады. Шоу қазақстандық моделдік индустриясында айтарлықтай есінде қалады: талғампаз милан көрсетілімінде Асанали «Али» Данияровтың дебюты болды. Халықаралық және ұлттық моделинг үшән жаңа есім. Қазақстандық подиумға көп қабатты құмды образда шықты — құм түстес жеңіл тренчте, тікелей кесілген тар шалбарда және пісте балмұздағы түстес Сән үйінің фирмалық кестесі бар жейдеде. Көрермен алдынды Данияров шыққан күннен қорғанатын көзілдірігі де фурор жасады.
Fendi-дегі қазақстандық шығуын бірінші күннен бастап әлемге әйгілі жұлдыздар бақылады: британ актеры Николас Голицыннан бастап испан сенсациясы болған Арон Пайперге дейін. Тағы бір жарқырап шығып келе жатқан жұлдызды таңғажайып бастауымен құттықтаймыз!
Милан ең нағыз қызуда, алдыда — Париждегі ерлер Сән аптасы. Және де біз подиумға былтырғы маусымның қазақстандық жұлдыздары — Нұрсұлтанның, Алдияр Амангелдінің және Данила Конковтың қайтып келуін асыға күтеміз.