Қазақстандық модельдер фэшн күн тәртібін барған сайын жиі-жиі «жарылатып» жүр. Соңғы тәулікте орыс тілді сән индустриясының талқылау орталығында — Befree брендінің үлкен күзгі кампейні. «Оқушы» стиліндегі преппи мен нағыз атаның гардеробы үйлесім тапқан: ромбик өрнекті кардигандар, ретро-олимпийкалар, «шаңғы» свитерлері және география пәнінің мұғалімінікі сияқты нәзік плиссесі бар қатаң миди-юбкалар.Топтаманың өзі Gentle Retro деп аталуы тегін емес — үйдегі антресольдегі сәнді винтаждың эстетикасы.
Киімдердің өзінен бөлек, біздің назарымызды Befree брендінің кастингі де аудартты; кампейннің басты модельдері қазақстандықтар Лиза Хан мен Эрик Ильин болды. Бұл екі жасқа да ерекше жылулықпен қараймыз.
Лиза — Шымкенттен шыққан, қазіргі таңда Нью-Йоркте тіркелген және халықаралық брендтермен жұмыс істеген әсерлі портфолиосы бар. Бір кездері ол біз Франциядағы Қазақстан Елшілігінде түсірген Marie Claire Kazakhstanжурналының ең алғашқы санының мұқабасына шыққан басты кейіпкер болған.
Ал Эрик — өткен Ерлер сән апталықтарының нағызсенсациясы. Ол Louis Vuitton подиумына шыққаналғашқы қазақстандық қана болмай, сонымен қатарФаррелл Уильямстың жіті назарында болған. Жаңатүсірілімде олар өте сәнді әрі үйлесімді көрінеді.