Dior Шығысқа аттанды және өзінің 2028 жылғы круиз топтамасын Шанхайға апарады. Dior Cruise көрсетілімі 2027 жылғы 14 мамырға жоспарланды. Қала-локацияны таңдау стратегиялық тұрғыдан мұқият ойластырылған әрі тарихи мәнге ие. Бұл 1948 жылы Кристиан Диордың жоғары сән топтамасында ұсынылған, «Шанхай» деп аталған аңызға айналған образға сілтеме жасайды. Сонымен қатар, мұның Қытайдың (жалпы алғанда, алып Азия нарығына) бағытталған ірі коммерциялық ишара екені де анық. Әдемі қимылдың астарында әбден тәжірибеліе есеп те жатыр.

Джонатан Андерсон үшін бұл Dior-дың креативті директоры ретіндегі Қытайдағы алғашқы ауқымды жобасы болмақ. Ол бұл қызметке өткен жылы тағайындалған. Дегенмен бренд ауқымды көрсетілім өткізбей тұрып-ақ, елдегі танымал жобалардың тұтас сериясы арқылы өз позициясын танытып үлгерді. Жазда мұнда Бейжіңнен Шэньянға дейін брендтің Тюильри бағында өткен көрсетілімінен шабыттанған «Parisian Gardens» поп-ап жобаларының сериясы ұйымдастырылды. Жақында Нанкинде жаңа топтамаға арналған тақырыптық поп-ап ашылса, Шанхайға әйгілі «Miss Dior» көрмесі әкелінді.
Круиздік топтамалар қалай болғанда да қоршаған орта мен ландшафттан шабыт алып, жергілікті люкс тауарларын тұтынушының талғамына бейімделуге тырысады. Демек, алдағы шоу бренд тарихындағы ғана емес, Андерсонның да шығармашылығындағы «ең азиялық» көрсетілім болуы мүмкін. Қызық болғалы тұр!
Айта кетейік, дизайнер өзінің алғашқы маусымаралық шоуын биыл Лос-Анджелесте өткізіп, америкалық нарыққа басымдық берді.