Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

2025 жылғы әлемдегі ең көп сұранысқа ие топ-20 бренд: Saint Laurent көшбасшылығы және күтпеген масс-маркет

Lyst Index сарапшыларының 2025 жылғы үшінші тоқсан бойынша жаңа деректері.

6 ноября 2025

Lyst сарапшылары 2025 жылдың үшінші тоқсаны бойынша ең сұранысқа ие брендтердің жаңа индексін жариялады. Миллиондаған іздеу сұраулары, сату деректері мен әлеуметтік желілердегі белсенділікке негізделген рейтинг айтарлықтай өзгерістерді көрсетті.

2025 жылғы әлемдегі ең көп сұранысқа ие топ-20 бренд: Saint Laurent көшбасшылығы және күтпеген масс-маркет | Источник: Saint Laurent
Источник:

Saint Laurent

Рейтингтегі басты оқиға — Saint Laurent брендінің екі сатыға көтеріліп, компания тарихындағы алғаш рет әлемдік топтың көшін басқарды. Энтони Ваккареллоның жетекшілігімен бренд өз визуалды бірегейлігін нығайтуды жалғастыруда: қатаң сызықтар, былғары, смокингтер, кең иықты блузкалар мен мінсіз аксессуарлар маусымның басты эстетикалық кодына айналды. Сонымен қатар, күтпеген жерден танымал болған Le Loafer лоферлері сатылымды 66%-ға өсірді, бұл марканың танымалдығына айқын әсер етті.

Источник: Miu Miu
Источник:

Miu Miu

Екінші орында — бір сатыға төмендеген, бірақ өз ықпалы мен күшін жоғалтпаған Miu Miu. 1990-жылдар эстетикасы, қысқа силуэттер, мини-юбкалар және «ақылды батылдыққа» баса назар аудару зумерлер мен миллениалдардың назарын ұстап тұр. Бренд бұрынғысынша визуалды трендтерді қалыптастырып, көше сәніндегі люкс ырғағын белгілеп келеді.

Ал үшінші орын ерекше назарды аудартады — онда күтпеген жерден төрт сатыға көтерілген COS жайғасты. Демократиялық сән бренді алғаш рет соршалықты биікке көтеріліп, бұл маңызды сәтке айналды: қолжетімді сегменттегі минимализм мен архитектуралық пішін ресми түрде жаһандық сән күн тәртібінің бір бөлігі болып танылды. Бұл сатып алушылардың саналы сән мен функционалды дизайнға деген қызығушылығын айқын көрсетеді.

Источник: COS
Источник:

COS

Төртінші орында — екі сатыға көтерілген The Row. Олсен әпкелерінің бренді «тыныш сән-салтанаттың» символы ретінде беделін нығайтты: таза сызықтар, талғампаз маталар және логотиптердің болмауы жұрттың визуалды күйзелістен шаршағанына жауап болды.

Бестікті америкалық Coach түйіндейді, өз позицияларынекінші есептік кезең қатарынан сақтап қалуда. Бренд «қолжетімді люкс» ұғымындағы мықты бірегей болмысын қалыптастыруды жалғастырып, шеберлікті күнделікті қолайлылықпен ұштастырады. Жаңа топтамаларындаCoach функционалдылық пен 2000-жылдар стиліне деген ностальгияға сүйеніп, соның арқасында әлем бойынша сатып алушылардың қалаулы брендтер тізімінде өз орнын сақтап келеді.

Ең күрт құлдырау Loewe брендіне тиесілі. Испандықтарбірнеше тоқсан бойы көш басында болғаннан кейін бірден алты сатыға төмендеді. Мүмкін, сатып алушылар креативтік өзгерістерге байланысты брендті уақытша «паузаға» қойған болар: Джонатан Андерсон Diorбрендіне ауысты (дегенмен, әзірге ол Lyst тізімінде пайда болмады), ал жаңа дизайнерлік дуэт Джек МакКоллоу мен Лазаро Эрнандес өздерінің визуалды тілін әлі нақты айқындап үлгерген жоқ.

Топ-10 қатарына сондай-ақ Ralph Lauren (тоғызыншы орын, плюс 2 позиция) және Chloé (оныншы орын, минус 2 позиция) енді. Екінші ондықтағы брендтер арасында классикалық сән үйлері мен ностальгиялық стиль кодтарына деген қызығушылықтың артқаны байқалады: Moncler, Versace, Burberry және Gucci өз орындарын сенімді түрде жоғарылатты, ал Skims тізімнің ортасында тұрақты позициясын сақтап қалды.

Ең шулы «қайта оралған» Stone Island бренді болды — ол бірнеше жылдан кейін алғаш рет рейтингке еніп, 19-орынға ие болды. Британдық субмәдениетке, футбол фанаттарының эстетикасына және 1990-жылдардағы музыкалық мұраға деген қызығушылықтың артуы брендті аудитория назарында қайта жаңғыртты. Ал жиырмалықты Valentino түйіндейді, ол өз бұрынғы көрсеткіштерін сақтап қалды.