Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Барселонадағы Louis Vuitton круиздік көрсетілімі туралы білуі қажет барлық нәрсе

23 мамырда әлемдік көрнекті орын — Гуэль саябағы — ең күтілген  көрсетілімнің бірі Louis Vuitton Cruise 2025 өткізу орны болды

24 мая 2024

Chanel Марсельде. Gucci Лондонда. Круиздік топтамалардың еуропалық турын Louis Vuitton Барселонада жалғастырды. Француз брендінен түсініктеме беру бригадасы: Каталонияның астанасына таңдау түскен себебі «қала терең тамырын жіберген халықпен және шығармашылыққа деген ерекше құмарлығымен еркешеленеді».

Барселонамен француздарда баяғыдан байланыс бар. Және де ол тек жақсы көршілес болғандықтан ғана емес. Тарих ХХ ғасырдың басынан басталады. Сол кезде Louis Vuitton 1929 жылғы Каталонияда Халықаралық көрмеде басты рөлді ойнады, ол өнеркәсіп пен өнерді біріктірді. Луи Виттонның жалғыз ұлы Жорж Виттон қазылар алқасының мүшесі ғана болмай, туалет керек-жарақтарын тасымалдауға арналған чемодан үшін өзі де марапатталды. Одан бөлек, осы Барсада Louis Vuitton 1987 жылы Испаниядағы алғашқы дүкенін ашты (қазіргі уақытта Каталония астанасында екі бутик бар).

Осы круизға дейін испан тақырыбы дизайнер-футурист Николя Гескьерге қатты жақын болмаған сияқты. LV әйелдер топтамасының креативті директоры торадорлар мен кастаньеттерге қарағанда, уфология және мифологияға тартылған. Алайда локация жағына қарай сәнді реверанс ретінде испан костюмінің танымал деген бірнеше элементтерін қолдануды шешті: олар сомбреро шляпалары; фламенко көйлектеріндегі сияқты бұршақ және күмістің көптігі.

Көрсетілімді бренд үшін тән емес бейтарап реңктегі иықты силуэттер ашты. 2025 круизді топтаманың жакеттері мен костюмдері күмәнданып тұрған сияқты — олар өткен шақтан ба әлде болашақтан ба? Гескьер образдарды футуристік аксессуарлармен толықтырып, қайтадан 1980-ші жылдардың тақырыбында қиялданды. Біртіндеп силуэттер қиындай бастады, маталар — көбірек оралып, театралдық портьерлерге ұқсады. Ал әрбір образда атқа міну эстетикасын еске салатын бахрома және былғары аксессуарлар пайда болды.

Қортынды ең сезімтал болды: мөлдір бүрмелі жылтырағы бар көйлектерден бастап баллон-белдемшеге дейін. Louis Vuitton әйелі әрдайым талғампаздықты таңдайды, авангардқа жақын, даралықты бағалайды және ешқашан ыңғайлықтан бас тартпайды.

Сонымен қатар, Барселонаға осы жазда марка әлі қайтып келеді. Louis Vuitton желкенді жүзуден 37-ші Амерка Кубогының демеушісі болып табылады, ол 2024 жылы тамызда Каталонияда бастамасын алады, және де онда Louis Vuitton Cup алдын ала біліктілік турнирі өтеді.

+9