8 қазанда отандық дизайнер Татьяна Янның қолдауымен GENESIS атты жас сәнгерлердің топтамалары көпшілікке ұсынылды. Көрсетілім шығармашыл жастарды біріктіріп, сән әлеміндегі жарқын оқиғаға айналды.
(Барлық суреттерді GENEZIS сән көрсетілімі ұсынған)
Ұйымдастырушы бұл жобаның екі аптаның ішінде ұйымдастырылғанын айтады. Соның өзінде көрсетілімге қатысуға 35 өтінім келіп түскен, оның ішінде шетелдік жас таланттар да бар. Іріктеуден Татьяна Янның таңдауымен 22 қатысушының жұмысы өткен. Жас болса да, іс-шараға қатысқан әрбір брендтің өзіндік стилі, идеялары және өткір философиясы бар.
«Жобаны ұйымдастырудағы ең бірінші мақсатымыз — орта құру, өзара танысып, идеялар мен тәжірибе алмасқымыз келді. Әр бренд өз топтамасын ұсынды — жас дизайнерлер саладағы әріптестері арасында да, клиенттер арасында да пікірлес адамдарды табуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, брендті құру және дамыту туралы егжей-тегжейлі талқыладық, бұл дизайнерлер үшін қолдау мен құнды фидбек алуға тамаша мүмкіндік болды. Біз өзара бәсекелес емеспіз, бір-бірімізге әріптес, шығармашыл энтузиастар тобымыз», — дейді Татьяна Ян.
«Genesis» сөзі грек тілінен аударғанда «бастау» дегенді білдіреді және бұл іс-шара сән индустриясындағы көптеген жас таланттардың алғашқы қадамдары іспетті.
Дизайнерлерден басқа, сұлулық шеберлері мен сән стилистері де маңызды рөл атқарды, олар тамаша қойылымдар ұйымдастырып, ұсынылған топтамаларды толықтыра түсті.
Шоуда @blackhorse.kz, @dingues_official, Qoorchaq және басқа да отандық жаңа брендтер ұсынылды.