Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қанат Бейсекеев Абай облысындағы өрт туралы репортаж шығарды

Репортаж «Орман жанып жатыр» деп аталады

1 июля 2023

Қазақстандық деректі фильм режиссеры Қанат Бейсекеевтің Youtube-каналында Абай облысындағы өрт жайлы репортаж шықты.

Қанат Бейсекеев Абай облысындағы өрт туралы репортаж шығарды
Источник:
@beisekeev

8 маусымда Абай облысында өрт басталып, 60 мың гектарға тарады. Өрт 14 маусымда ғана оқшауланды. "Семей орманы" РМК Новошульба филиалының 14 қызметкері, сондай-ақ жергілікті тракторшы қаза тапты.

"Біздің оқиға орнынан репортажымыз 12 маусымда, өрт басталғаннан кейінгі төртінші күні, Жалпыұлттық аза тұту күні басталады. Біз үйлерін тастап кеткен адамдармен, еріктілермен, құтқарушылармен сөйлесеміз. Көбісі құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін базалық жағдайлардың жоқтығына шағымданады. Тұрғындар өрт сөндірушілердің нашар жұмыс жағдайларын жергілікті шенеуніктердің өмірімен салыстырып жатқанда, билік кінәлілерді іздей бастады", - деп жазды Қанат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қанат Бейсекеев Абай облысындағы өрт туралы репортаж шығарды
Источник:
репортаждан кадр

«Орман жанып жатыр» фильмін сілтеме арқылы көруге болады.

Репортажда жұмыс істеген авторлар Абай облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.

Осыған дейін біз өрт салдарымен күресу, алдын алу жайлы жазған болатынбыз.