Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Димаш Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты

«Семей орманы» аумағындағы өрт туралы 8 маусымда белгілі болды

12 июня 2023

«„Семей орманы“ табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!» — деп жазады ол әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы өрт туралы 8 маусымда белгілі болды. Бірнеше күннің ішінде өрт 60 мың гектардан астам жерге таралды, 14 адамның өмірін қиды.

Ел президенті қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау, соның ішінде балаларды балабақшалар мен жоғары оқу орындарына орналастыруға көмек, сондай-ақ арнайы жәрдемақылар беруге уәде берді.

Президент 12 маусымды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.