Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Биыл Comic Con Astana фестивалі Голливуд жұлдызының қатысуымен өтеді

Әлемдегі ең танымал фестиваль брендтерінің бірі ретінде Comic Con Astana 70 000-ға жуық қонақты қабылдауды жоспарлап отыр. Фестиваль бағдарламасын қысқа баяндаймыз

22 августа 2023

15-17 қыркүйекте елордада Comic Con Astana — комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль өтеді. Фестивальге әлемнің әртүрлі елдерінен, соның ішінде Италия мен Испаниядан 150-ден астам автор қатысады, сондай-ақ жаңа өнімдер мен эксклюзивтердің тұсаукесері жоспарлануда.

Биыл Comic Con Astana фестивалі Голливуд жұлдызының қатысуымен өтеді

Фестиваль елорданың жаңартылған мәртебесін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

Бағдарламасы:

Фестиваль аясында жалпы жүлде қоры 10,000,000 тг болатын косплей конкурсы өтеді. Ал қиял-ғажайып блокбастерге құмар көрермен фестивальде жаңа туындының тұсаукесерінің куәсі болады.

Айта кету керек, TikTok сервисі фестивальге Comic Con Astana ресми серіктесі ретінде қосылды. Тик-ток хаустары, мобилографтар және продюсерлер (оның ішінде атақты Jokeasses қатысады деп күтілуде) іс-шара алаңында арнайы құрылған контент-аймақтың жұмысына қатыса алады.

Биыл Comic Con Astana фестивалі Голливуд жұлдызының қатысуымен өтеді

«Меломан» компаниясы — Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Disney студиясының ресми дистрибьюторы — Астанаға фирмалық стендтер әкеліп, алдағы премьераларын ұсынады: («Алаяқ бір: Жұлдыз соғыс оқиғасы» фильмінің режіссері жасаған, 28 қыркүйекте шыққалы жатқан) «Жаратушы»мен (9 қарашада шыққалы жатқан) «Капитан Марвел 2».

Сондай-ақ, конвентте техно-гиктерге арналған интерактивті алаң құру жоспарлануда, оның шеңберінде ойын өндірушілерінен түрлі контент ұсынылатын болады.

Comic Con Astana-ның басты сахнасында Red Bull M.E.O. мобильді ойын  бойынша дүниежүзілік киберспорт турнирінің 5 маусым финалының көрсетілімі ұйымдастырылады, оның бірі Mobile Legends: Bang Bang — Қазақстанда өте танымал MOBA жанрындағы бейне ойын.

Фестиваль қонақтары үшін фуд-корт және арнайы балалар аймағы жұмыс істейді.

«Жалпы, фестиваль бағдарламасы көптеген қызықты және таңғажайып оқиғаларға толы болады деп күтілуде. Фестиваль дәстүрлі түрде жұлдыздармен кездесулерді, премьералар мен арнайы көрсетілімдерді, косплей-шоуларды, жаңалықтардың ресми тұсаукесерлерін қамтиды. Қазіргі уақытта біз 70-80 пайыздық бағдарламаны құрдық», - деп түйіндеді Comic Con Astana фестивалінің бас продюсері.

Биыл Comic Con Astana фестивалі Голливуд жұлдызының қатысуымен өтеді

Билеттерді жобаның ресми сайтынан - www.comicconastana.kz, сондай-ақ ticketon.kz, sxodim.kz, iticket.kz және Яндекс Афиша қызметтерінің көмегімен сатып алуға болады.

Іс-шара Сауран көшесі, 44 Конгресс-орталылығында өтеді.