
Суық күндер түскелі ерінге арналған күтім ерекше маңызды. Hermès бұл мәселеге түбегейлі әрі сән-салтанатпен қарауды ұсынады. Бренд ерін терісіне күтім жасауға қажетті ең маңызды құралдардың барлығын біріктірген Lip Care Duo топтамасын таныстырды.
Басты назар аударатын өнім әрі қалаулы нысан — Rouge Hermès түнгі маскасы. Ол дизайнер Пьер Харди әзірлеген күңгірт шыны құтыға құйылып, жинаққа кіретін сәнді лакталған қалақшамен бірге ұсынылады. Құрамында ши майы мен гиалурон қышқылы бар нәзік шабдалы реңкті маска жаққан кезде мөлдір, ерінге жайылып, балқитын жұқа қабатқа айналады. Оны ұйықтар алдында ерінге қалың етіп жағып, теріні терең қалпына келтіруге болады немесе далаға шығар алдында өте жұқа қабат етіп жағып, ерінді желден қорғауға болады.
Дуэттің екінші өнімі — жаңартылған Rouge Hermèsбальзамы. Оның формуласы бұрынғыдан да таза етілді: енді құрамының 95%-ын табиғи ингредиенттер құрайды. Жеңіл матты финиш еріннің табиғи көрінісін нәзік айқындап, жабысқақтық сезімін қалдырмайды. Өнімді жеке қолдануға да, далаптың астына негіз ретінде жағуға да болады. Айтпақшы, қаптамасы бұрынғыдай қайта толтыруға жарамды, сондықтан Hermès аксессуары ұзақ уақыт қызмет етеді.