Итальяндық косметикалық бренд романтикалық мерекелер маусымына орай сезімтал эстетика мен көпфункционалды формулалары бар макияж капсуласын ұсынды.
KIKO Milano ғашық сезімін білдіру маусымын қанық түстер палитрасы мен әсерлі текстураларға негізделген «Флирт байланыста» шектеулі топтамасын шығаруменатап өтеді. Желінің визуалды коды тура жүрекке бағытталған: піскен шие реңкіндегі қаптама, далап іздері мен сүйіс таңбалары кешкі сәнді образ эстетикасын еске салады, себебі сол сәтте макияж романтикалық көңіл күйдің бөлігіне айналады.
Топтаманың өзегінде — икемді қолдануға және айқын нәтижеге бағытталған өнімдер. Бренд клиникалық сынақтан өткен, ылғалдандыратын компоненттері бар әрі төзімді жабынды қамтамасыз ететін формулаларға басымдық береді. Сондай-ақ түрлі фиништердің үйлесіміне мән берілген — пудра реңкінен кремді және винилге дейін.
«Мінсіз жұп» қызарғыш дуосы айнасы бар ықшам палеткада екі реңкті біріктіреді, бұл түстің қарқындылығын өзгертіп, теріге нәзік жарқыл беруге мүмкіндік береді. Сол қағидамен бронзер мен хайлайтер палеткасы да жасалған: бет пішінін айқындауға арналған дуэт, ол келбетке жұмсақ жарықтық акцент қосады.
Теріні дайындау қызметін өзіне гиалурон қышқылы бар пептидті пуш-ап праймер алады. Оның текстурасы сарысуға келеді, тері бетін тегістеп, макияжға жайлы негіз қалыптастырады. Ерін күтімі үшін топтамаға пептидтері және жидек хош иісі бар бальзам енгізілген, ол ерінді жұмсартып, жеңіл жылтыр беруі қарастырылған.
3D ылғалдандыратын ерін жылтырының шектеулі нұсқасы брендтің культтік өнімінің тарихын жалғастырып, көлем әсерімен және жайлы жабындымен толықтырады. Шие хош иісті жарқыраған далап қанық түске акцент жасайды, ал микро-модельдеуші қарындаш ерінге айқын контур беруге көмектеседі.
Көзге арналған санатта топтама кірпіктерді бөліп, созуға арналған пептидтері бар ламинациялайтын тушьті, кайал мен металл финиші бар көз бояуын біріктіретін стик, сондай-ақ графикалық әрі төзімді нәтижеге арналған винил эффектісіндегі сұйық контурды ұсынады.
KIKO Milano өзінің реңктер мен формулаларының кеңтаңдауы бар қолжетімді сұлулық философиясын әрі қарай дамытуда. Түс пен құрылымға итальяндық тәсілімен танымал бренд 1200-ден астам өнім түрін ұсынады, онда дизайн, технологиялық шешімдер және өнімдердің қауіпсіздігіне мән беріледі. Қазақстанда марка Астанада Mega Silk Way сауда-ойын орталығында және Алматыда Forum сауда-ойын орталығында ұсынылған.
