Уикендтің басты музыкалық жаңалығы — КешYOU тобы мен аңызға айналған рэпер Snoop Dogg бірлескен трегінің алдағы тизері. Лос-Анджелестегі бейнебаян түсірілімінен фотосуреттерді продюсер Баян Алагузова және американдық музыканттың өзі жариялады. Сөйтсе, мұқият қазақстандықтар Калифорнияға сыйлықтарымен келіпті. Снуп кадрға дизайнер Аида Кауменованың авторлығындағы шапан мен бас киімді киді, ол одан айырлығысы келмей, алдағы бейнебаянда сол киіммен шығады.
КешYOU тобы өзінің арнайы сыйлығын музыканттың жұбайы — Шанте Бродусқа да дайындады, Snoop Dogg онымен отау құрғанына 30 жылдай болған. Аналар күніне орай сүйкімді Шанте қазақстандықтардан сыйлыққа отандық рэперлермен жұмыс жасайтын Mozi J брендінен тапсырысқа жасалған бірегей әшекей сэтін алды. Бұл бағалы алқа және сырға ұлттық музыкалық аспап — домбыра түрінде жасалған. Ерекше зергерлік жинақ үшін брендте естелік гравюрасы бар қорапша жасалған.