Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық Медет Шаяхметов Канье Уэст үшін тағы клип жасады

Fried трекіне түсірілген бейнені көру қазірдің өзінде қол жетімді

8 августа 2024

Тамыз айының басы орындаушы Канье «Йе» Уэст үшін «берекелі» болды. 3 тамызда ол Ty Dolla Sign-мен бірлесе жазылған Vultures 2 альбомының екінші бөлігін Желіге салды. Ал осы өткен түнде жаңа күйтабағынан бірінші клипті жариялады — Fried трегіне түсірілген бейнебаян. Роликта Йенің рэпіне Yeezy маскалары мен мерчін киген бір тобыр адам постапокалиптикалық лабиринт бойынша жүгіруде — қарқынды және алаңдатарлық жүгіріс. Тіпті бұл марафон шексіз және ешқашан бітпейтін тәріздес.

Канье өз клипінің пост-продакшны үшін қазақстандық Медет Шаяхметовті серіктестікке бірінші рет тартқан жоқ. Ол Fried үшін бейне қатарды құрастыруға жауап берген. «Йе мен Ос Тейлордың басшылығымен бейнені жинақтауға көмектестім», — деп Медет әлеуметтік желілерде жазды. Бұдан бұрын ол Talking клипін құрастырумен айналысқан және Vultures-ке режиссерлік жасаған.