Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Әбіл» — Қазақстаннан «Оскарға» үміткер: фильмнің сюжеті

Фильм қазірдің өзінде халықаралық кинофестивальдарда бірнеше марапатқа ие болды.

23 сентября 2026
«Әбіл» — Қазақстаннан «Оскарға» үміткер: фильмнің сюжеті | marieclaire.kz

Елдің Кинематографистер кеңесі жанындағы Оскар комитеті «Үздік халықаралық бейне фильмі» санатында «Оскар» марапатына үміткерлікке ұсыну үшін режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмін таңдады.

Фильмде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауқымды жекешелендіру кезеңі — 1993 жылғы оқиғалар баяндалады. Елдің социалистік жүйеден нарықтық экономикаға көшуі аясында «Баянқазақ» колхозының шопаны Әбіл мемлекеттік мүлікті бөлу барысында өз үлесін алады. Алайда кейінгі оқиғалар оның ойлағанындай өрбімейді.

Фильмдегі басты рөлді сомдағаны үшіг Ерлан Төлеутай Дублиндегі ХІІІ Silk Road International Film Festival-да үздік актер болып таңылды, сондай-ақ Бішкек халықаралық кинофестивалінде де. Сонымен қатар, картина Везуль (Франция) қаласында өткен 31-ші Халықаралық Азия киносы фестивалінде үш беделді марапатқа ие болды: қазылар алқасының Гран-приі, киносыншылар қазылар алқасының жүлдесі және NETPAC қазылар алқасының жүлдесі.