Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Азиада ойындары-2026: Қазақстан үшін тағы екі алтынды каратэшілер әкелді

Азиада осы күндері Жапонияда өтіп жатыр.

21 сентября 2026
Азиада ойындары-2026: Қазақстан үшін тағы екі алтынды каратэшілер әкелді | Источник: OlympicKz
Источник:

OlympicKz

Осы күндері Азиада-2026 өтіп жатқан Жапонияға өте мықты тайфун келе жатыр. Алайда турнирде қазақстандық спортшыларды ештене тоқтатар емес. Біздің ұлттық құрама қорын тағы екі алтынмен толықтырып, жалпы наградалар санын төртке дейін жеткізді. Алдынғы күні велошабандоздар жеңімпаздар болса, қазір — каратэшілер.

Источник: OlympicKz
Источник:

OlympicKz

Жоламан Бигабыл 55 килограммға дейінгі салмақ санатында жеңіп шықты. Финалда ол Өзбекістан өкілі Хумоюнмирзо Халимовты 9:1 есебімен ұтып кетті. Кейін тағы бір алтынды Софья Берульцева әкеліп, Азиада ойындарының екі мәрте чемпионы атанды. Финалда 68 килограммнан жоғары салмақ санатында ол 8:0 есебімен Тайландтан келген Маниаан Бутсуванды жеңді.

Источник: OlympicKz
Источник:

OlympicKz

Бұдан бөлек, Қазақстанның активінде велошабандоздар Рината Султанова мен Алексей Луценконың алтындары бар, қола медальді триатлоншы Арлан Жанабай мен заманауи бес сайыс бойынша ерлер құрамасы жеңді. Күміс — 61 кг дейінгі салмақ санатындағы каратэші Әсел Қанайда. Азия ойындары 2026 Жапонияда 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін өтеді.