18 жастағы қазақстандық теннисші теннисші Аружан Сағандықова әйелдер арасынан әлемдік рейтингіде мыңдықтан бірден 87 орынға жоғарылады. Мұндай қуанышты жаңалықпен Қазақстан теннис федерациясы бөлісті.
WTA — әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Биылғы жылдың маусым айында Аружан 1162 орынға тұрақтаған болатын. Ал 15 тамызда жас теннисші арудың мыңдыққа қосылғанын отандық БАҚ жарыса жазды. Күні кеше отандасымыз мыңдықтан бірден 87-ші сатыға көтерілген.
Team Kazakhstan академиясының шәкірті Аружан өткен жылы ITF World Tennis Tour W15 сериялы турнирының жұптық сынында жеңіске жеткен болатын. Түркияның Анталья қаласында өткен турнирда ол қытайлық теннисші Ю-Юнлимен мен бірге ресейлік теннисшілерді жеңді. Аружан Сағандықова үшін бұл — ересектерге арналған турнирдегі алғашқы жеңісі.
Сондай-ақ, WTA рейтингінде Қазақстанның алғашқы ракеткасы — Елена Рыбакина 4-ші позицияда қалды. Ал Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында, Жібек Құламбаева 178-орында тұр.