Қазақстаннан Зейнеп Сұлтанбек Шри-Ланкада өткен шахматтан Батыс Азия чемпионатында үш түрлі дисциплина бойынша абсолютті чемпион атанды.
Қазақстан шахмат федерациясының ақпараты бойынша, ол жылдам шахматтан біріншілікте үстемдік еткен. Содан кейін классикалық турнирде жеңіске жетіп, блиц-шахматта үздік атанған. Бұл ерекше жетістік Зейнепке үш алтын медаль әкелді.
Сондай-ақ, чемпионатта астаналық Әлішер Мажкенов Қазақстан атынан өнер көрсетті. Классикалық турнирдің соңғы кезеңінде ол алғашқы үш жүлдегерден бір ұпайға артта қалып, жетінші орынға ие болды. Блиц шахматында ол шахмат шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете отырып, төртінші орынға ие болды.