Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан абсолютті әлем чемпионы атанды

Шахмат әлемінде жаңа есім

16 октября 2023

17 жастағы Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл қуанышты жаңалықты туризм және спорт министрлігі жаршылады.

Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан абсолютті әлем чемпионы атанды
Источник:

Қазақстан шахмат федерациясы

Ксенияның жеңісі — кездейсоқ сәттілік емес, өйткені бірнеше күн бұрын ол жылдам шахматтан күміс жеңіп алып, өзінің керемет шеберлігін дәлелдеген-ді. Шахматшы арудың осыған дейін Абу-Дабиде өткен жарысқа да қатысып, еліміздің әйелдер құрамының күміс жүлдесін жеңіп алуға өз септігін тигізгені тағы бар.

Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан абсолютті әлем чемпионы атанды

20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының салтанатты аяқталуы Италияның Пула қаласында өтті.

Атаулды додада, сонымен қатар, қазақстандық шахматшы Әмина Қайырбекова күміс медальге ие болса, Зейнеп Сұлтанбек Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды.

Арыстан Исанжулов та өзінің шебер ойынымен қуантып қана қоймай, ерлер арасында қола жүлдеге ие болды.