Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық модель Қорлан Мәди Венециядағы кинофестивальдің қонағы болды

Модель, актриса, іскер әйел және сән кеңесшісі Қорлан Мәди моделингте әлемдік деңгейде танымал. Ең беделді сән үйлерімен жұмыс істеп қана қоймай, Қазақстанның атын шетелге танытып келеді

6 сентября 2023

Биыл әлемге әйгілі Венеция кинофестивалі 80-ші рет өтіп жатыр. Голливуд жұлдыздарының жаппай көтерілісіне қарамастан, құрметті қызыл кілем қонақтарының саны азая қойған жоқ. Олардың арасында танымал түрік актрисасы да бар. Биылғы фестивальге әлем кинематографиясының жұлдыздарымен бірге қазақ киносының өкілдері — Санжар Мәди, Аружан Жазылбекова, Әсел Сағатова және Азамат Сатыбалды аттанды.

Венеция кинофестивалі — кино өнерімен қатар, сән әлемі үшін де айтулы оқиға. Фестивальдің қонақтарының жартысы дерлік — әйгілі сән Үйлерінің достары, құрметті қонақтары, амбассадорлары, беделді модельдер бар. Солардың арасында отандық сән саласын шетелге паш етіп жүрген Қорлан Мәди де бар — модель, актриса, іскер әйел және сән кеңесшісі.

Қорлан Мәди үшін бұл — екінші Венециялық фестиваль. Былтыр қазақстандық ару «Не волнуйся, солнышка» фильмінің тұсаукесерінде болып, қызыл кілеммен жүріп өтті.

Қазақстандық модель Қорлан Мәди Венециядағы кинофестивальдің қонағы болды

Биылғы фестивальге Қорланды дайындаған Georges Hobeika сән үйі. Ал мойнында — Salvini Gioielli сән үйінің алқасы.