Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«ҚАШ» фильмі Asian Pacific Screen Awards сыйлығына ұсынылды

Бұған дейін фильм 25-ші Шанхай кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жеткен болатын

5 октября 2023

Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» фильмі «Үздік фильм» және «үздік операторлық жұмыс» номинациялары бойынша Asian Pacific Screen Awards сыйлығына ұсынылды.

Жүлдені тапсыру рәсімі 3 қарашада Австралияның Голд-Кост қаласында өтеді. Сыйлыққа 78 елдің кинематографистерінің жұмысы ұсынылған.

«ҚАШ» фильмі 1930 жылдардағы тарихқа «Ұлы жұт» боп кірген жаппай ашаршылық туралы баяндайды. Фильмнің сюжеті бойынша қабір қазушы Исатай өз ауылын құтқаруға аттанады. Шексіз жазық дала қорқынышқа айналады, онда екі күш — кеңістік пен аштық — Исатайдың ақыл-ойын басқара бастайды. Басты рөлді актер Еркебұлан Дайыров сомдап шықты.

«ҚАШ» фильмі Asian Pacific Screen Awards сыйлығына ұсынылды

Бұған дейін фильм 25-ші Шанхай кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында, сондай-ақ қазақстандық киносыншылар қауымдастығының төрт номинациясында: «үздік дебют», «екінші пландағы үздік актриса», «Үздік музыка» және «Үздік қоюшы-оператор"номинацияларында жеңіске жеткен болатын.

Жеңіс тілейміз!