Қыркүйек соңына қарай қазақстандық спортшылар жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда.
Футболдан Қазақстан құрамасы бес жыл ішінде ресми ойындарда алғашқы рет жеткен жеңісін тойлатуда. Біздің топ УЕФА Ұлттар лигасында Армения құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Гол авторлары — Әселхан Тұрлыбекова мен Арайлым Орынбасарова. Ойынның 27-ші және 57-ші минуттарында футболшылар екі гол соқты.
Ал армян құрамасы тарапынан 54-ші минутта гол салып, Вероника Асатрян ерекшеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бес жыл ішінде ресми ойындарда алғашқы рет жеңіске жетті. Топ баптаушысы — Мадияр Кембілов.
Ұлттық құрама бұдан алдын 2018 жылдың 12 маусымында жәнк 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчында Босния Герцеговина құрамаларын жеңген еді (2:0).