Жаңа жылды Қазақстанның жұлдызды теннисшісі ерекше жеңіспен бастады. Австралиядағы Брисбенде өткен WTA турнирінде Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, рейтингте төртінші сатыдан үштікке көтерілді. Осыған дейін бұл титул американдық теннсиші — 19 жастағы Коко Гауфқа тиесілі болып келді.
Турнир барысында Рыбакина 5 бірдей теннис жұлдызын жеңді: Оливия Гадеки, Элиза Мертенс, Анастасия Попова, Линда Носков және топ-үштікке кіретін Арина Соболенко. Нәтижесінде қазақстандық теннсиші қосымша +455 ұпай жинады.
Ига Швентек үштіктің көшін бастап тұр. А үздік ойынымен қатар, шулы реакциясымен танымал белорусь ойыншысы Арина Соколенко әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды. Сонымен қатар, қазақстандық теннисшіні марапаттау сәтінде көпшілік алдында қалжыңдап үлгерді. Рыбакинаның сөзін бөліп, «құттықтаулар керек емес» деп қайырды. Алайда, Елена Рыбакина «Арина не деп айтса да, бүкіл команданы құттықтаймын» деп сөзін жалғастырды.
Ал, жеңіс құтты болсын! Рыбакина үшін үштіктің алдыңғы орнының аулы алыс емес деп сенеміз!