
Нағыз спорттық драма осы күндері Жапонияда өрбіді. Қазақстандық жеңіл атлетикасы бойынша спортшы Ясмина Тоқсанбаеваны Азия ойындары-2026-да 42,195 км қашықтыққа спорттық жүрісте жеңіс нәтижесіненайырды. Төрешілердің және Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ресми шешімі жарияланбағанымен, спортшының өзі нәтиженің жоққа шығарылғандығы туралы Instagram парақшасында хабарлады.
Тоқсанбаева 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, бүкіл ел оның тарихи триумфына қуанды. Алайда мәре аяқталғаннан кейін бірден қарсыластары оның нәтижесіне наразылық білдірді. Олар спортшы киген ASICS аяқ киім үлгісінің World Athletics ұйымы бекіткен рұқсат етілген аяқ киімдердің ресми тізіміне сәйкестігіне күмән келтірген.
Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында елге алтын медаль сыйлағысы келгенін айтып, эмоцияға берілгені үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ оны соңына дейін қолдаған барша жанға алғысын білдіріп, болған жағдайдың өзі үшін ауыр соққы болғанын жеткізді.
Тоқсанбаеваның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім шыққанға дейін оның көрсеткіші Азия ойындары-2026ресми медальдар есебіне енгізілген жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз алтын медаль бар. Команда турнир кестесінде бесінші орында тұр, көш бастап келе жатқан Өзбекстан құрамасынан бір алтын медальға қалып келеді.