Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Алматылық гимнастшылар Корея кубогын бағындырды

Жарысқа түрлі елдерден 26 команда қатысқан

3 июля 2023

Кореяның Ансан қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан 2023 жылдың 1-2 шілдесі аралығында «Shine Cup» халықаралық турнирі өтті.

Алматылық гимнастшылар Корея кубогын бағындырды
Источник:
@shine_cup_korea

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Малайзия, Сингапур, Жапония және Кореядан 26 команда қатысқан. Жарыс ұзақ және қысқа бағдарламалар бойынша әр түрлі жас санаттарында өтті.

Алматылық гимнастшылар Корея кубогын бағындырды
Источник:
KAFGG

«Сеньорлар-ұзақ бағдарлама» санатында бірінші орынды алматылық Freedom командасы иеленді. Команда құрамы: Бейганова Амина, Болат Томирис, Максутова Айлин, Тұрсынқожа Аделия, Кабаш Зере, Чукреева Анастасия. Жаттықтырушы — Муталиева Мадина.

Алматылық гимнастшылар Корея кубогын бағындырды
Источник:
KFAGG

Эстетикалық гимнастика — Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі. Десе де біздің гимнасттар 2018 жылдан бері ресми стандарттарға сай халықаралық додаларда өнер көрсетіп келе жатыр. Эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (KFAGG) 2018 жылы құрылғанмен, халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының толыққанды (IFAGG) мүшесі саналады.

Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы 2018 жылдан бастап елімізде спорт түрін дамытып келеді, спортшылар халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының (IFAGG) қолдауымен өткізілетін ресми халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді: әлем чемпионаттары, Әлем кубоктары, Азия чемпионаты, төрт құрлық чемпионаты және халықаралық турнирлер.

2022 жылы Австрияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық командалар сеньорлар мен жасөспірімдер арасындағы командалық біріншілікте қола жүлдегерлер атанды.

Қазіргі уақытта командалар спорт сарайында өтетін әлем чемпионатына, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және IFAGG Trophy 2023-ке дайындалуда.