Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Истборндағы турнирдан өз еркімен шегерілсе керек. Осылайша ол орнын хорваттық теннисші Петре Мартичке босатып берді.
Париждағы турнирдан кейін Рыбакинаның турнирдан шығуы осымен екінші рет. Қазақстандық жанкүйерлер теннисшінің денсаулығына алаңдаушылық танытып отыр. Алайда Елена күннен күнге өзін жақсы сезініп келетінін және Уимблдондағы жауапты турнирге дайындалатынын айтты.
Рыбакинамен бірге теннисші қыз Анна Данилина да Истборнда ел намысын қорғауда. Данилина турнирді сәтті бастады. Ол қытайлық Сю Ифанмен бірге ширек финалға шықты.
Бірінші айналым матчында Данилина мен Ифан жапондық дуэт Шуко Аояма мен Елена Шибахараны жеңді.
Енді алдағы ширек финалда Қазақстан — Қытай дуэті американдық д.Кравчик және Нидерландылық Д.Шюрс — Д. Олмос (Мексика)/Э. Мұхаммед (АҚШ) кездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды.
Бұған дейін Истборндағы жарыстарда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен Ресейлік Камилла Рахимованың жұбы ұтылған болатын.
Қыздарға жеңіс тілейміз!