Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» атты фильмі тағы бір жеңіске ие болды

«Ұлы Жұт» туралы отандық фильм «Оскарға» беттеді ме? Режиссерден бірер сөз😉

6 декабря 2023

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтың толық метрдегі алғашқы туындысы халықаралық дәрежеде жаңа белестерді бағындырып келеді. Осыған дейін де Marie Claire Kazakhstan редакторлары алғашқылардың бірі болып, жасампаз жұлдыздың жеңістерімен қуана бөлісіп отырды.

Бұл жолы да алған бағытынан таймай, «ҚАШ» фильмі тағы бір байқаудың жеңіс тұғырынан көріне білді. Күні кеше Айсұлтанның өзі парақшасында хабарлағандай, халықаралық Resonance сайысында кинокартина үздік атанған.

Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» атты фильмі тағы бір жеңіске ие болды
Источник:

әлеуметтік желі

Жеңісінің жаршысы бола отырып, Айсұлтан алғашқы толық метрінің сынды айналып өтпегенін меңзеді. Сонымен бірге Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин секілді біртуар отандастарынан қолдау тапқанына ризашылығын білдірді.

«Баршаңызға үлкен алғыс — көрермендерге, достарыма, командама және мені қолдаған жолдастарыма: Геннадий Головкиннен бастап Димаш Құдайбергенге дейін — осындай қолдауды армандауға ғана болатын еді! Біз үздік сапа үшін көп еңбектендік, сондықтан адамдардың бұл жұмысты көргенін қатты қаладым. Қазақстанның әрбір қалаларында, Шанхайда, Парижде көрсетілімде толық зал жинағалғанда, мен шексіз бақытты болдым.

Иә, бұл менің дебюттік фильмім, ол жайында маған жеткілікті сын келді, бірақ мен оған ризамын. Және де артынан келген жетістіктерді де ризашылықпен қабылдаймын. „Қаш“ — бұл біз үшін, мен үшін және керемет жұмыс жасаған команда үшін үлкен мақтаныш. Өйткені, қазір біз кино тарихындағы төңкерістің басында тұрмыз — алдағы 10 жылда әлемдік кинематографияның ең ірі тұлғалары Орталық Азиядан болатынына сенімдімін!», — деп жазады Айсұлтан.

Сонымен қатар, талантты киногер «Оскардың» да аулы алыс емес екенін және осы бағытта жұмыс атқарылып жатқанын меңзеді… Ендеше, жеңісті бірге күтейік! 😉

Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» атты фильмі тағы бір жеңіске ие болды