Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық әнші Tamiris экс-сүйіктісінен зорлық көргенін жеткізді

Жас қыздың қолында тыртық қалған

14 ноября 2023

Қазақстандық актриса әрі әнші Tamiris жаңадан ұсынған «Шаңырақ» атты жаңа бейнеклипінде ұзақ уақыт құпия сақтап келген жеке өмірі жайлы оқиғаның басын ашты.

Тамирис — қазақ актрисасы және әнші. Оның шығармашылық жолында фильмдер мен телехикаялардағы 50-ге жуық рөлдер, Қазақстанның барлық музыкалық телеарналары мен радиоларында таратылатын музыкалық альбомы және бірнеше сәтті синглдары бар.

Небәрі 22 жаста, әлі тұрмыста емес. Соның өзінде  эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалау, қиянатқа толы қарым-қатынасты бастарн кешіргенін алғаш рет өлеңі арқылы жеткізеді.

Клип бір кадрда — монтажсыз түсірілген. Клип басты кейіпкерді ұрып-соғып, өміріне қауіп төндіретін осындай бір көріністі көрсетуден басталады. Бүкіл бейнероликте әртүрлі белгілерді байқауға болады: құлаған шаңырақ — бұзылған үй мен отбасының символы ретінде, дөңгелектегі тиін — жұмысқа түрлі істерге ұмтылып, жақындарының өмірінде не болып жатқанын байқамайтын адамдардың бейнесі  және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында көмек көрсетудің халықаралық айшығы.

Оның қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жасты сипаттаған түсірілімдердің барлығы — әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі. 

 Негізгі айтар ойы — егер сіз физикалық немесе эмоционалды түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз.

Естеріңізге саламыз, Қазақстанда зорлық құрбандарына арналған нөмір іске қосылды — 111.