Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Индира Еділбаева келін атанды. Той қашан?

Әнші M'Dee неке қию рәсімінде куәгер болса керек

8 августа 2023

Қазақстандық әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты.

Өзінің жаңа өмірге аяқ басқаны туралы Индира Еділбаева Instagram парақшасында бөлісті. Күйеу жігіт — The Limba, Moreart, Liili және Ayau есімді әртістердің менеджері Камалдин Камирдинов. Әншінің айтуынша, олар 8 тамызда үйленген. Жастар, түсінгендеріңіздей, бір саладан. Алайда, Мәскеуде танысса керек.

Бір қызығы, жас жұбайлар тіркеу рәсіміне қарапайым киінген. Қалыңдықтың таңдауы — әдеттегідей, көйлекке емес, шалбарлы костюмге түскен.

Видеодан рәсімнің өте қарапайым өткенін және тек куәгерлер қатысқанын байқауға болады. Желі қолданушылары жас жұбайларға құттықтауларын жаудырып жатыр. Екі жастың жұлдызды әріптестері де тілектерін білдіруде.

Әнші Индира Еділбаева келін атанды. Той қашан?
Источник:
соцсети

Той күні әзірге белгісіз. Бірақ қалыптасқан дәстүрге сай, жақын арада екені айтпаса да белгілі. Сонымен, жақында тағы бір жұлдызды тойдың куәсі боламыз.

Әнші тұрмысқа шығу ниетін 2023 жылдың сәуірінде білдірді. Бали аралында сүйіктісі оған ұсыныс жасады.

Жас жұбайлар өздерінің әлеуметтік желілерінде романтикаға толы суреттері мен видеоларымен жиі бөліседі,.

Индира Еділбаева «Голос. Украина» жобасы арқылы кқпшілікке танымал болды.