Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Liili-дің қазақ тіліндегі алғашқы синглы жарық көрді

жаңа feat

31 января 2024

Қазақстандық жас орындаушы Liili Нурик Смитпен бірлескен жаңа фитімен бөлісті. Ән «Тосынсый» деп аталады, трек Лилидің орындауындағы алғашқы қазақша ән. Алайда, музыкадағы соңғы трендтердің біріне сәйкес, мәтінде орыс және ағылшын тілдері араласқан. Ән, әрине, махаббат, ынтық сезімдер жайлы, екі ғашықтың арасындағы нәзік диалог.

Естеріңізге салсақ, Liili — «Да ты крут» әнімен танымал болды. Ким Кардашьян атаулы тректі Instagram парақшасындағы сторисінде қолданып, Қазнетті біраз шулатқан болатын.

Оған қоса, осы жазда біз қазақстандық әнші арудың ресейлік R&B орындаушысы Amchi-мен жасаған фиті жайлы жазған едік.

Бұл жолғы әнде де R&B орындаушысы Лили өзінің орындау мәнерінен айнымаған. Плейлистіңізге қосып қойыңыз.