Nomad Stunts танымал қазақстандық каскадерлер тобының аты аңызға айналған Джеки Чанмен түсірілім алаңында кездескен. Жай ғана кездесіп коймай, ынтымақтастық жайлы сөйлескен. Бірлескен жоба да болуы мүмкін.
«Армандар орындалады! Аты аңызға айналған Джеки Чанмен кездесу және оның жаңа фильмінің түсірілім алаңына бару мүмкіндігі туып отыр. Әзірге бәрін ашып айта алмаймыз. Stay tuned және жақсы жаңалықтар күтіңіздер», — деп бөлісті каскадерлер.
Nomad Stunts тобы 2000 жылы құрылған, құрамында 86 каскадер мен 40 үйретілген жылқы бар. Олар әртүрлі жобаларға қатысқан, ішінде Диснейдің «Мулан» фильмдері, Netflix-тің «Патшаға хат», Киану Ривздің қатысуымен «47 Ронин», «Марко Поло», «Қайта тірілген Ертұғырыл» және «Ұлы селжұқтар» фильмдері бар. Олардың кәсібилігі отандық кинематографияда 2003 жылы «Көшпенді» фильмінде ойнаған кезден басталған.
Бір жыл бұрын каскадерлер Ридли Скотттың Наполеон туралы фильміне қатысқан.
Джеки Чанмен бұл кездесу Nomad Stunts тобына жаңа жол ашуы да ғажап емес, сонымен қатар, олардың әлемдік кинодағы шеберлігін растайды.
Болашақта бізге ұсынатын бірлескен жобаларын асыға күтеміз.