«Ирина Кайратовна» тобы Астанадағы концертінен кейін арнайы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес, топтың Елордадағы концерті өтпейді. Оған қоса, марқұмның отбасына барынша қолдау, көмек беретінін жазады.
«Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. ИК командасы Шахназдың отбасына барынша қолдау, көмек көрсетеді», — делінген әлеуметтік желіде жариянланған хабарламада.
Күні кеше денсаулық сақтау басқармасы жас жігіттің көз жұмуына науқас түрі мүмкін болуын хабарлаған-ды. Әртістер болған жағдай үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрап, және алдағы Еуропаға турды Шахназдың құрметіне арнайтынын жеткізді.
«Біздің тарапымыздан тигізілген қолайсыздар үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Сіздердің қызығушылықтарыңыз бен қолдауларыңыз біз үшін әрқашан маңызды. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз», — деп мәлімдеді «Ирина Кайратовна» командасы.
Естеріңізге сала кетсек, топ бір жылдық үзілістен кейін осы жылдың көктемінде ғана қайта оралған еді.