Елімізде ең көп талқыға түсетін жұлдызды жұптардың бірі — Сабина Алтынбекова мен оның жары Саят Салманов. Жұбайлар көпшіліктің талқысына көп түседі. Сабинаның жеке өмірі жайлы ашып айта бермейтіндігі де оған себеп шығар. Сондықтан да желіде оның жанкүйерлері түрлі болжам жасап жатады.
Маңтай тердің жемісін жақсы білетін еңбекқор қыз өмірлік серігімен қарым-қатынасын жақсарта түсуге де білек сыбана кіріссе керек. Ол өзінің парақшасында бұл туралы былай деп жазады:
«Бір-біріңізбен сөйлесу, бір-біріңізді тыңдау, онсыз берік қарым-қатынас құру мүмкін емес. Бұл — екі жақты жұмыс».
Ол өзінің асыл жарына деген алғысын да білдірді.
«Мен өз кезегінде жолдасымды түсінуге, толық қабылдауға, қолдауға, дұрыс бағыттауға тырысамын. Екеуміз де жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз. Сондықтан уақыт өткен сайын мәмілеге тез келеміз», -дейді.
Сондай-ақ, ол өзінің фолловерлеріне өз-өзіңіздің үнемі дамытып отырыңыз деп кеңес берді.