Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Бақыт Шадаевадан кейін Малайзиялық әнші Димаш туралы айтты

24 маусым күні Куала-Лумпур қаласында қазақстандық әншінің концерті өтеді

20 июня 2023

 

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты алғашқы жеке концерті өтеді. Ол концертке арнайы қонақ ретінде сол елдің ең танымал әншілерінің бірі-Дато Шри Сити Нурхализдың қатысатынын хабарлады. 

Нұрхализ Сити Димаштың өнеріне жоғары баға берді. Концертте арнайы қонақ болу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Нұрхализ Сити Димаштың әншілік қабілетіне тәнті болғанын, сондай-ақ концертіне шақырту алғанға дейін де оның өнеріне назар аударғанын айтты.

Бақыт Шадаевадан кейін Малайзиялық әнші Димаш туралы айтты
Источник:
DimashNews

Дато Шри Сити Нурхализ жергілікті басылымға берген сұхбатында: «жоғары нотада болсын, төмен нотада болсын, оның дауысы керемет, даусын құбылта алады. Басқа әншілер үшін бұл қиын, бірақ Димаш үшін емес», — деп таңданысын жасырмады. 

Үлкен шоу қарсаңында концертті ұйымдастырушылар тегін билеттер мен әртістің аты жазылған эксклюзивті өнімдерін ойнатып, түрлі іс-шаралар өткізуде. 

Малайзиядағы Димаштың концертіне билетт мына сілтеме бойынша алуға болады.