Қазақстанның Ұллтық статистика бюросында мәлімдегендей, Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО-мен жасалған халықаралық көп индикаторлы кластрелік тексеру (МИКС) басталды. Тексеру бүкіл мемлекет бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. МИКС Қазақстанда осыған ұқсас 2006, 2010 және 2015 жылдардағы тексерулерден кейін төртінші рет өткізілуде.
МИКС-тің негізгі мақсаты — әйелдер мен балалар денсаулығы жағдайына және әл-ауқатына баға беру, сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат жинақтау.
Сауалнамалар өмір мен денсаулықтың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде санитарлық жағдайлар, білім және басқа да маңызды көрсеткіштерді қарастырады. Барлық сауалнамалар бейінді мемлекеттік органдармен келісілген.
Ерлер мен әйелдерге арналған сауалнамалар жұмыспен қамту, білім беру, неке және менталды денсаулық тақырыптарын қамтиды. Әйелдер үшін босану және босанғаннан кейінгі көмек туралы сұрақтар қарастырылған. Бес жасқа дейінгі балалар дамуы және тәртіпке салу сұрақтары бойынша бағаланса, 5-17 жастағы балалар — балалар еңбегі және дағдыларды ерте дамыту тақырыптары бойынша.
Тексеруге қатысу еркін түрде болып табылады, ал жинақталған ақпарат тек статистикалық мақсатта пайдаланатын болады. Сауалнама алушылар арнайы форма киеді және барлық байланыс деректері бар бейдждерін тағады.