Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

YouTube Premium қызметі енді Қазақстанда қолжетімді

Қазақстандықтар енді видеоконтентті жарнамасыз тамашалай алады

13 марта 2024

YouTube Premium қызметі енді Қазақстанда қолжетімді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-дағы парақшасында хабарлады.

YouTube Premium қызметі енді Қазақстанда қолжетімді
Источник:
Rüdiger Wölk

«Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім.

Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен  контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өткім келеді».

Youtube Premium жазылымының бағасы 3500 теңгені құрайды.