Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Эльжана Таниева гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді

Көркем гимнастикадан Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық тұғыр биігінен көрінді

11 марта 2024

Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Керемет! Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!

Эльжана Таниева гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді