Қытай қоғамдық орындарда медициналық маска кию талабын қайтарды. Бұған COVID-19 жаңа штамы себеп болған.
Бұл туралы China in Focus хабарлайды. Қытайдағы маска режимінің себебі COVID-19 жаңа штамдарының салдары болып табылатын микоплазмалық пневмония эпидемиясы болса керек. 15-59 жастағы тұрғындар арасында сырқаттану жағдайлары тіркелген.
Осылайша, жағдай күрделене түсуде және науқастардың саны өсуде.
Сондай-ақ, режим талаптарын сақтамағаны үшін арнайы жауапкершілік артылады: қытайлықтарға айыппұл салынып, тіпті, 10 күнге қамауға алынуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан қызылша ауруы бойынша 3-ші орында тұр.