Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды. Бұл нені білдіреді?

16,3 миллион тұрғындары бар цифрлік коллапс

17 июня 2025
Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды | Источник: Unsplash

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды. Бұл нені білдіреді?

Источник:

Unsplash

ҚР Цифрлық даму министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің ірі көлемдегі таралуы жөніндегі ақпаратқа ресми түсініктеме берді. 16 маусымда пайда болған мәліметтерге сәйкес, ашық қолжетімділіктешамамен 16,3 миллион жазбасы бар ел тұрғындарының жеке деректерінен тұратын үлкен база пайда болды. Елдегі халық саны 20 миллион екенін ескерсек, бұл — әрбір бесінші қазақстандықтың төртеуі осының құрбаны болғанын білдіреді. Аталған ақпаратты Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығыныңбасшысы Олжас Сатиев растады.

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды | Источник: Unspalsh

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды

Источник:

Unspalsh

Жарияланған мәліметтер бойынша ашық қолжетімділікке тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мекенжайлар, тұрғылықты жеріне тіркелу күні, сондай-ақ ұялы, үй және жұмыс телефондарының нөмірлері шыққан. Сонымен қатар, азаматтығы, ұлты және басқа да жеке деректерболған.

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды. Бұл нені білдіреді? | Источник: Unspalsh

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды. Бұл нені білдіреді?

Источник:

Unspalsh

Өз кезегінде, Цифрлық даму министрлігі интернетте тараған барлық ақпаратқа кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ведомство бұл іске тиісті салалық органдар мен қызметтер, сондай-ақ ағып кеткен деректердің шынайылығы мен өзектілігін бағалаумен айналысатын мамандар тартылғанын нақтылады. «Қазіргі уақытта барлық тиісті ведомстволар іске жұмылдырылған. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, соның ішінде ұсынылған мәліметтердің өзектілігі де талдануда. Алғашқы талдау көрсеткендей, ақпараттың едәуір бөлігі өзектілігін жоғалтқан», — деп хабарлады Минцифрде.

Алайда ведомствода жаһандық қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескертті: ашық қолжетімділікке шыққан деректердің барлығы немесе бір бөлігі жасанды болуыжәне шынайы ақпаратқа сәйкес келмеуі мүмкін. Деректердің таралу ауқымына және оның көзіне нақты баға беру үшін толық тексерудің нәтижесін күту қажет.«Маңыздысы — өткен жылдары да осындай жағдайлар болғанын ұмытпау керек, сол кезде де әртүрлі көздерден алынған ескі деректер сөз болған. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Барлық тексерулер аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланатын боладв», — деп толықтырды ведомствода.

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды | Источник: Unspalsh

Қазақстан халқының дерлік барлығының жеке деректері ашық қолжетімділікте болды

Источник:

Unspalsh

Еске сала кетейік, бұған дейінгі ең ауқымды кибершабуыл — 11 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің таралуы болған еді, 2025 жыл бұл антирекордты жаңартуы мүмкін. Қазіргі уақытта мамандар ақпараттың таралу көзі мен оның қаншалықты қауіптілігі дәрежесін анықтау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Теориялық тұрғыдан алғанда, Желіге ЖСН, аты-жөні, мекенжайы, туған күні және телефон нөмірі сияқты жеке деректердің таралуы алаяқтық тәуекелін едәуір арттырады, соның ішінде біреудің атына микрокредиттер мен қарыздар рәсімдеу, сондай-ақ банктік немесе мемлекеттік сервистерге рұқсат алу мүмкіндігін білдіреді.Сонымен қатар, алаяқтар тараған деректерді зиянды хабарламалар жіберу, фишинг және әлеуметтік алдаумақсатында пайдалануы мүмкін. Мұндай деректердің таралуы — цифрлық мемлекеттік қызметтерге деген сенімді төмендетеді, электрондық сервистердің дамуын тежейді және азаматтардың онлайн-платформаларды пайдаланудан бас тартуына әкелуі мүмкін.