29 маусымда Сенат депутаттары екі оқылымда «онлайн платформалар туралы» заңды және оған қатысты түзетулерді мақұлдады.
Заң мемлекеттік тілді онлайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына міндетті интеграциялауды көздейді, бұл әлеуметтік желілердің алгоритмдеріне онлайн-платформалардағы құқыққа қайшы мазмұнды және қазақ тіліндегі контентті модерациялауды қадағалауға мүмкіндік береді.
Ал бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне ресми түрде мемлекеттік тіл қосылғаны белгілі болды.
Енді қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады. Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh-ті басу керек.
Telegram мессенджеріндегі тағы бір жаңарту — Stories-тың пайда болуы. Бұл туралы қосымшаның негізін қалаушы Павел Дуровтың өзі хабарлады.
Ол қолданушылардың жылдар бойы осы функцияны қосуды сұрап келгенін айтады. Ол бастапқыда компанияда мұндай форматқа қарсы болғанын атап өтті, өйткені бұл жаңашылдық емеа. Соған қарамастан, көпшіліктің сұрауын орынлауды жөн көрген. Қазір бұл функция тестілеудің соңғы сатысында, деп түсіндірді Telegram-ның негізін қалаушысв. Дуровтың айтуынша, жаңа формат арналарға аудиторияны көбейтуге мүмкіндік береді.