Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Үйдің интерьері қазақстандықтардың көңіл-күйіне қалай әсер етеді?

Қызықты зерттеуге 300 қазақстандық қатысты

10 мая 2024

Bang Bang Education дизайн және Психодемия (Ultimate Education құрамына кіреді) психологиялық мамандықтар онлайн-мектебімен өткізілген соңғы зерттеуінде қазақстандықтардың 40% астамы өзінің үйлерінің интерьерін толықтай өзгертуге дайын екендігі анықталды. Олардың 6% үшін қазіргі тұрғын үйлеріне ештеңе көмектесе алмайды деген сенімде. Бұл анықтау менталды денсаулық үшін үй жағдайы маңызды екенін көрсетеді.

Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі қалаларынан, соның ішінде миллион халқы бар және миллионнан аз халық тұратын қалалардан 300-ден астам адам қатысты. Респондеттердің 57% — әйелдер, 43% — ерлер. Барлық сұралғандар әртүрлі жас санатының өкілдері болды.

Үйдің интерьері қазақстандықтардың көңіл-күйіне қалай әсер етеді?

Интерьер көңіл-күйге қалай әсер етеді?

Зерттеудің негізгі жаңалығының бірі — бұл үй интерьері мен оның тұрғындарының көңіл-күйі арасындағы байланыс. Сауалнама қатысушыларының жартысынан көбі (63%) олардың эмоционалды көңіл-күйлері олардың тұрғын үйлеріндегі жағдаймен тығыз байланысты екенін мойындады. Олар жан жағындағы көріністі ұнатпаған жағдайда ыңғайсыздық сезінеді. Кейбіреулері (27%) әртүрлі үй-жайларда өздерінің көңіл-күйлеріндегі өзгерістерді тіпті байқайды, алайда ол немен байланысты екенін дәл түсіндіре алмайды.

Зерттеу бірнеше факторларды анықтады, олар тұрғындардың көңіл-күйлеріне қатты әсер етеді. Бірінші орында — ремонттың жоқтығы, ол 63% респондеттерді мазалайды. Келесі визаулды тартымсыздық және итерьердің ұқыпсыздығы (59%), сондай-ақ табиғи жарықтың жетіспеушілігі (52%).

Алайда, осы жағымсыз аспектілерге қарамастан, қазақстандықтардың көбісі (72%) өз үйлерін ең ыңғайлы орын деп есептейді. Бұл жағымды және жайлы жағдайды қалыптастыру жалпы әл-ауқатқа айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Үйдің интерьері қазақстандықтардың көңіл-күйіне қалай әсер етеді?

Жайлы стильдер, түстер және материалдар

Интерьер дизайннің артықшылықтарына келетін болсақ, сұралғандар скандинавиялық стильді (33%), бохо (26%) және модернді (20%) қалайды. Ал барокко және кеңес одағының стильдеріне сүраныстар аз (2% және 1%).

Түстік палитраға қатысты, респондеттердің көбі (84%) ақшыл сары және қоңыр түстерді қалайды, ол олардың 90% үшін қанағаттанарлық таңдау болып табылады. Алайда, 22% интерьерде жасыл және қара қызыл реңктерді қолдануға құлшыныстары бар.

Сұралғандардың 71% және 62% үшін төсек-орын матасы табиғи матадан болған және ұстағанда жақсы болуы маңызды, ал жұмсақ жиһаз да тактильді жақсы болуы керек.

Үйдің интерьері қазақстандықтардың көңіл-күйіне қалай әсер етеді?
Источник:

Unsplash

«Интерьер дизайнінде екі аспектінің қиылысуы болады деп ойлаймын — жайлылық және эстетика. Дұрыс таңдалған интерьер, біріншіден, жайлылықтың барлық элементтерін есепке алуы керек: эргономика, сапалы коммуникациялар, тұрмыстық техниканың болуы және тағы сол сияқты. Яғни, бұл бүгінгі күні жайлы өмір сүру үшін қажетті элементтер. Мысалы, күнделікті дұрыс жобаланбаған шкафпен қақтығысқанда — бұл қабырғаның келіспейтін түсінен гөрі көбірек ашуландырады. Екінші жағынан, кеңістік эстетикасына да сұрақ бар. Менің ойымша, интерьер — бұл ағымдағы трендтерді ғана ұстанбай, тұрғындарды қуантатын кеңестік», — деп пайымдайды Лена Борисова, Bang Bang Education дизайн және технологиялар мектебінің сарапшысы.

Лена Борисова, Bang Bang Education дизайн және технологиялар мектебінің сарапшысы, атап айтты: «Интерьер дизайнінде екі аспектінің қиылысуы болады деп ойлаймын — жайлылық және эстетика. Дұрыс таңдалған интерьер, біріншіден, жайлылықтың барлық элементтерін есепке алуы керек: эргономика, сапалы коммуникациялар, тұрмыстық техниканың болуы және тағы сол сияқты. Яғни, бұл бүгінгі күні жайлы өмір сүру үшін қажетті элементтер».