Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Алматыда SHIZA-ның қатысуымен стрит-арт фестивалі өтеді

Барлық урбанистерге! Ең сәнді киімдеріңізді дайындай беріңіз! Себебі алдағы демалыста бізді тағы да музыкалық фестиваль күтіп тұр. Фестивальдің толық бағдарламасымен бөлісеміз

2 августа 2023

Өткен демалыс күндері қазақстандық эстрада мен әйгілі Black Eyed Peas-тың қатысуымен өткен «Азия дауысы» фестивалімен біраз шулаттық. Алда бізді тағы да музыкаға толы тағы бір фестиваль күтіп тұр. Тек бұл жолғы фестивальдің ерекшелігі — шара көше өнеріне арналады.

Алматыда SHIZA-ның қатысуымен стрит-арт фестивалі өтеді
Источник:
фестиваль мұрағатынан

2023 жылдың 5 тамызында Offtop club-та Tiger Summer Fest, яғни, музыка, стрит-арт және стрит-фудты біріктіретін мереке жоспарлануда. Шара биыл екінші рет өтеді.

Фестиваль бағдарламасы түрлі ойын-сауық пен тосын сыйларға толы болмақ. Сіздерді бірегей авторлық мәзірлер мен интерактивті қойылымдар, әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі, жоғары деңгейлі тұсаукесерлер мен керемет хит әндер күтеді.

Алматыда SHIZA-ның қатысуымен стрит-арт фестивалі өтеді
Источник:
фестиваль мұрағатынан

Нағыз меломандар үшін тағы бір жағымды жаңалық, кеш хэдлайнері — Guano Apes неміс тобы — қонақтарды танымал әндерімен қуантады. Онымен қоса, арнайы қонақтар — Animal Jaz өнер көрсетеді.

Кештің бағдарламасында SAMRATTAMA, SHIZA, yes/no/notsure және LieLie де бар. Диджейлер Kingsteppa aka Steppa-T, Pluzhnik, Varfalamei және Kritechno ерекше атмосфера сыйлайды.

Алматыда SHIZA-ның қатысуымен стрит-арт фестивалі өтеді
Источник:
фестиваль мұрағатынан

Қонақтарды тек музыка мен дәмді тағамдар ғана емес, сонымен қатар көше өнерімен танымал Repas-тен түрлі ойын-сауық, арт-инсталляциялар мен интерактивті қойылымдар қуантатын болады.