Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

12-13 тамызда Алматыда өтетін 4 іс-шара

Ашық аспан астындағы кино, күлкіге толы стендап кеші, инструменталды музыка және Jah Khalib

11 августа 2023

Jah Khalib-тің концерті

«Алматы Арена» мұз кешенінің сахнасында Jah Khalib өзінің жаңа альбомын шығармашылық жанкүйерлеріне ұсынады және барлық хиттерін орындайды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған суретшінің қойылымы оның шығармашылығының бірде-бір жанкүйерін бей-жай қалдырмайды.

12 тамыз 20:00, Алматы арена, билет құны — 10 000 теңге

12-13 тамызда Алматыда өтетін 4 іс-шара

«Интеллигентно қу» жобасының техникалық кеші

Қазақ тіліндегі стендап кештері дамып келе жатқаны қуантады. «Интеллигентно қу» жобасы жалғасын табуда. Бұған дейін ютуб шоуда қонақта Нұрлан Қоянбаев, Damelya Sweet, NNN, Sabirkin, Alem (Ninety One), Taspay және т.б

Кеш Жазира Еркін, Нұрмахан Мұқанұлы, Ғалымжан Жанықұлов және Дархан Оспановтың қатысуымен өтеді.

12 тамыз 21:00, Lep Club, Ғабдуллин көшесу, 26Б, билеттер — 4000 теңге

12-13 тамызда Алматыда өтетін 4 іс-шара

Ашық аспан астындағы кино көрсетілімі

Қазақ киноларының фестивалі жалғасады. Біз бұған дейін кинофест жайлы мына жерде жаздық.

Tynda.music концерті — The World of Hans Zimmer

Оркестр әуендері мен кинематографиялық шедеврлер жаңа орындауда.

Киноиндустриядағы ең инновациялық композиторлардың бірі неміс музыкалық виртуозы — Ханс Циммер. Оның қайталанбас жұмыстарында электронды ноталар оркестрлік сиқырмен үйлесімді араласып, керемет дыбыстық ландшафт жасайды.

Tynda music шығармашылық ұжымы ең танымал саундтректерді орындайды:

«Арыстан патша», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Шерлок Холмс» және т.б.

12 тамыз 19:00, Республика сарайы, билеттер — 6 000 теңгеден басталады.

12-13 тамызда Алматыда өтетін 4 іс-шара