Proenza Schoulder америкалық сән үйі көптен күткен қадамды жасап, ерлер сән нарығына аттап басты. Бренд үшін бұл маңызды оқиға болмақ, себебі өздері 2002 жылы құрылғаннан бері тек әйелдер үшін сән үйі болып қала берген.
Брендтің креативті директорлары Джек Маккалоу мен Лазаро Эрнандестің сөздері бойынша топтама шеберлікпен ойластырылған және ұстамды образдарды қамтитын болады, ол толықтай Proenza Schoulder ерекшелігін жеткізеді — ал ол болса әрдайым минимализм, архитектуралық формалар және күрделі маталар. Ерлерге арналған бірінші топтаманы жасауға Cos ерлер желісінің басшысы Патрик Эрвелл жауап береді.
Proenza Schoulder әрқашан авангард пен қолайлық арасындағы балансты шеберлікпен ұстанатын, және олардың menswear дебюты ерекшеленбейді. Не айтамыз — асыға күтеміз.