Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Мен Қазақстанның мәдениетін тұғырға қойғым келді». Central Saint Martins түлегі Альбина Жаканмен әңгіме

Лондон Өнер және дизайн орталық колледжі — болашақ дизайнерлер үшін әлемдегі ең беделді оқу орны. 2024 жылғы бітірушілердің тізімінде қазақ қызы Альбина Жаканның есімі бар. Marie Claire Kazakhstan кейіпкерімізбен оқуға түсуі, армандары және дебюттік топтамасы туралы әңгімелесті

20 июня 2024

Central Saint Martins түлектері отыз жылдан астам бойы әлемдік сән индустриясының элитасына кіреді. Беделді лондондық колледждің студенттері әртүрлі жылдары Джон Гальяно, Александр Маккуин, Стелла Маккартни, Пол Смит, Кристофер Кейн, Джамбатиста Валли, Рикардо Тиши және тағы басқалар болды. Бүгіннің өзінде де — жер жүзіндегі ең беделді брендтердің жартысын осы жоғары оқу орынның түлектері басқарып отыр. Басқалары — өздерінің жергілікті маркаларына қызмет етуде. Бұл жерде диплом шынымен маңызы бар жағдай.

CSM 2024 шығарылым топтамаларын қызығушылықпен бүкіл әлемнің сән редакторлары қарастырды. Біз дипломдық подиумда бірден қошқар мүйізді байқап қалдық. Бұрын соңды лондондық колледжде кімде кім қазақ халқының дәстүрлері туралы соншалықты жарқын әрі көлемді етіп жариялағаны есімізде жоқ. Қиялы түрде ұлттық мәдени кодтар — қазақстандық студент Альбина Жаканның/Albina Zhakan топтамасы. Marie Claire Kazakhstan дизайнермен оқу, шығарылым топтамасы және ұлттық дәстүрлер туралы сөйлесті.

«Мен Қазақстанның мәдениетін тұғырға қойғым келді». Central Saint Martins түлегі Альбина Жаканмен әңгіме
Источник:

Albina Zhakan

Сіздің топтамаңыздың негізгі идеясы туралы айтып беріңізші. Ол не туралы және кім үшін?

Топтама идеясының өзі маған қызық болған тақырыптарды зерделеу процессінде органикалық түрде келді. Мен әрқашан Қазақстанның мәдени мұрасына және тарихына арналған жобаны жасағым келген. Өзімнің мәдениетімді тұғырға қатты қойғым келді. Central Saint Martins шығарылым шоуы — дизайнерлердің жаңа буыны үшін халықаралық платформа. Пандемия үшін биыл өте көп бітірушілер және өте жоғары бәсекелестік болды. Бес курстың және 168 студенттердің ішінен тек 40 таңдады. Олардың топтамаларының нәтижелерін баспасөзге ұсынды. Бұл Central Saint Martins-тегі Fashion design әйгілі кафедрасының 2024 жылғы мәдениетті, сәнді және дизайнді көруі.

«Мен Қазақстанның мәдениетін тұғырға қойғым келді». Central Saint Martins түлегі Альбина Жаканмен әңгіме
Источник:

Albina Zhakan

Топтамада қанша образ? Оларды жасауға қанша уақыт кетті? Бәрін өзіңіз тіктіңіз ба?

Менің топтамамда алты образ, әрқайсысы әртүрлі тақырыпқа және қазақ мәдениеті мен тарихының әртүрлі кезеңіне арналған. Мен шабытты өзіме бала кезімнен жақын заттардан алдым. Мен біздің дәстүрлер мен тұрмыс ортасында өстім. Біраз уақыт мен Қазақстанда тұрмаймын. Бұл маған әлемнің қалған бөлігі үшін Орталық Азия, негізінен, Қазақстанның бүкіл аумағы маңында қандай ақпараттық вакуум пайда болғанын түсінуге көмектесті. Барлығы «темір перде» және Кеңес заманы кесірінен.

Жалпы, соңғы курстың барлығы концепцияны іздеуге, силуэттерді жасауға, материалдарға, эксперменттерге арналған болды. Подиумға түскен жұмыс — ол тек жасалған жұмыстың 5-10% ғана. Менің оқытушыларым ең басынан бастап менің прогрессіме риза болды. Мен тез жұмыс жасаймын және қысқа мерзім ішінде әрі қарай дамытуға болатындай бір тонна материал шығара аламын. Бірақ мен өз өзіме қатты талапшыл болдым және оқытушылар басынан ұнатқанның өзінде де бір нәрселерді қайта қайта ауыстырдым. Saint Martins-тің негізгі принципі осында: студенттер ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өздері айтады. Бұл жерде саған ештене міндеттемейді, керісінше кім дәл нені қалайтындарды, және әрдайым еңбек етуге дайындарды қабылдайды.

Топтаманың үлкен бөлігін мен өзім тіктім және жеке өзім принттерді құрастырдым. Сондай-ақ, маған туыстарым сыйлаған және анам Алматының базарынан сатып алып берген маталарды пайдаландым. Тапсырыс алдында соңғы екі айда әкем мен анам маған қатты көмектесті. Олар киім мен аяқ киімді тікті, аксессуарлар жасады. Мен оларға олардың еңбектері және ең жауапты сәттегі моральдық қолдаулары үшін алғысым шексіз.

«Мен Қазақстанның мәдениетін тұғырға қойғым келді». Central Saint Martins түлегі Альбина Жаканмен әңгіме
Источник:

Albina Zhakan

Сіздің курс басшыңыз топтама туралы не айтты? Қандай ескертулер/мақтаулар болды?

Барлығы менің жұмысыма риза болды. Менде өте оңай емес силуэттер. Өте көп күш салуға және суреттерді шынайы образдарға келтіру үшін сабырлық танытуға қажет болды. Тоқымамен де көп жұмыс жасалды — мен сирек кездесетін маталарды қолданамын. Шын айтсам, мені пресс-шоу үшін таңдап алады деп мүлдем ойлаған жоқпын. Менің мектебімде мықты студенттер өте көп болды! Алайда мен кафедраның осындай қолдауына алғыспын. Үш шоуда да менің топтамамды соңына қойды. Оған тек ең мықты жұмыстар лайық деп есептеледі. Мені өзі парақшасында Сьюзи Менкес (атақты британ сән сыншысы — баспа ескер.) белгілегені мені қатты таң қалдырды.

Central Saint Martins-тағы оқудан бір-екі ең есте қалар сәттер.

Менің жұмысымның Disney демеушілік жасаған дизайн-конурстан кейінгі Лондондағы Covent Garden-дағы көрмесі. Және менің аңызға айналған Dries Van Noten Үйіндегі тәжірибем. Өз еңбегімнің нәтижесін Париждегі Сән аптасының подиумында көру, шынымен, ұмытылмас сәт.

«Мен Қазақстанның мәдениетін тұғырға қойғым келді». Central Saint Martins түлегі Альбина Жаканмен әңгіме
Источник:

Albina Zhakan

Оқуға түсу қиын болды ма?

Маған қиын болды. Мен бірден түспедім. Менде басқа да топ университеттерден ұсыныстар болғанымен, мен олардан бас тартуға және қайтадан Central Saint Martins университетіне түсіп көруге бел будым. Екінші ретінде мені бірден әртүрлі курстардың үш сұхбатына бірақ шақырды, бұл ғажап. Жыл сайын он мыңға жуық талапкерлер тапсырыс береді — оларда арасынан жақсы таңдау жасай алатындай көпшілік болды. Мен Womenswear/ «Әйелдер киімінің дизайні» курсын таңдауды дұрыс деп шештім, себебі әрдайым дәл осы іспен айналысқым келген.

Сіз әрі қарай не істегіңіз келетінін білесіз бе?

Дәл қазіргі кезде жақсылап ұйықтап, демалғым келеді. Сосын жұмыс іздеуге кірісем және онымен қоса маған қызықты басқа да жобаларды жасайтын боламын!