Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық суретші Камиля Куспанова «ғашық» Dior үшін бейне роликке түсті 💖

Көрнекі өнер және инсталляциямен жұмыс жасайтын автор Әулие Валентин күніне арналған роликте көрінді.

4 февраля 2026

Қазақстандықтар халықаралық брендтерді тамсандыруды жалғастыруда. Өткен аптадағы Милан мен Париждегі Ерлер сән апталықтарындағы ер-модельдер толық десантының соңынан әлемдік сән күн тәртібінде тағыда бір жаңа қазақстандық бет-бейне. Қазақстандық суретші және бұрынғы модель Камиля Куспанова Әулие Валентин күні қарсаңында аксессуарлар капсуласына арналған Dior-дың жаңа жарнамалық кампаниясында шықты. Мерекелік бұйымдар мен визуалға жаңа креативті директор Джонатан Андерсон жауапты болды — бұл оның француз Үйі үшін жасаған алғашқы «ғашық» кампейні. БейнедеКамиля нәзік білезік таққан сымбатты білегіне назар аудара отырып, майлыққа махаббат хатын жазып отырады.

Қазақстандық суретші Камиля Куспанова «ғашық» Dior үшін бейне роликке түсті 💖 | Источник: Dior
Источник:

Dior

Камиля Куспанова Алматыда туып, өсті. 18 жасында ол Францияға өмір сүру үшін жалғыз көшіп кеткен. Париж оны қарапайым қарсы алды: кішкентай бөлме, әлеуметтік тіректің болмауы, ұзақ уақыт бойы адаптация. Сорбоннадағы оқуы оның өмірінде басты нүкте болды — алғашқы жылдары оқшауда, минималды араласатын орта, негізінен орыс тілді адамдармен өтті. Алайда біртіндеп олқоғамдық құрылысты, класстық айырмашылықтарды, және француз болмысы қалай құрылғанын түсіне бастады. Сөйтіп Камиля суретші ретінде өзін фотосурет жасауда тапты. Оның бейнелері — жарық пен күтуге толы жалғыздық фрагменттері. Оларда қолтаңба да, контекст те, түсіндірме де жоқ. Құлпытастар жанындағы ақ Ferrari, идиллиялы пейзаждың қақ ортасындағы қираған полиция көлігі, дерлік мистикалық нысанға айналған сынған билет автоматы. Ол бұл образдардың шифрды қажет етпейтінін айтады — олар ішкі тәжірибе ретінде өмір сүреді. «Шынайылық — өзгелермен бөлісуге тұрарлық жалғыз нәрсе», — бұл оның шығармашылық ұстанымы. Бүгінде Куспанова визуалды өнермен жұмысын жалғастырып, шығармашылық аясын инсталляцияларға дейін кеңейтті.

Источник:

Dior