Нью-Йорктегі кәсіби «үнсіздіктің» екі маусымынан кейін сүйікті қазақстандық модель Лиза Хан фэшн әлеміне нық қадаммен қайта оралды. Жыл басынан бері Marie Claire Kazakhstan журналының ең алғашқы нөмірі мұқабасыныңкейіпкері танымал брендтердің жарнамалық кампаниялары мен шоуларына белсенді түрде қатысуда. Жыл басын Mac Cosmetics келісімшартымен айқындаса, одан кейін ресейлік ірі ритейлердің ауқымды кампейніжалғасын тапты. Ал қазір — жұлдыз өмір сүріп жатқанқала, Нью-Йорк Сән апталығындағы бірнеше шоулар.
Маусымның ашылу шоуы Шымкент тумасы үшін Ashlynболды: подиумға Лиза қатаң қара түсті екі бөліктен тұратын классикалық іскерлік костюм мен айқын қызыл водолазка үйлесімінде шықты. Әрі қарай — Alexander Wang көрсетілімі, онда Лизаның образы — жауын тамшыларын еске түсіретін әсерлі жалтыраған күміс түсті плащ-көйлек. Және, соңында — Sandy Liang шоуы: қазақстандық модельдің бейнесі қыз армандарынан туғандай — сүйкімді бантиктері бар сатин мини-юбка және «баланың көрпесін» елестететіндей драпировкасы бар топ. Балалықтай ма? Супер!