Қолдарыңызды бақылаңыз! Атап айтқанда, білектеріңізді байқаңыз. Жақында Женевада аяқталған Watches and Wonders 2024 көрмесінде жер жүзіндегі ең керемет сағат барлық сәнді көңілді өзіне бұрды.
Бүкіл әлем екі апта бойы осы жердегі жаңашылдықтар туралы асыра сілтеусіз айтып жатыр: коллекционерлер бірінші болып сирек кездесетін модельдерді брондауға тырысуда, дистрибьютерлер бақылау сатып алуды жасауда, халықаралық сағат баспасы калибрлерді үлкейткіш әйнектің астында қарастыруда. Барлық көңіл — Hublot брендінің айтарлықтай және футуристік павильонында, оның Touch&Feel сессиялары және жағымды лаунжы кәсіби сағатшылардың, блогерлердің, журналистердің және Арно ықпалды отбасының тартымды нүктесі болды. Дегенмен Hublot заманауи материалдардан кем емес өмірдің де талғампаз стилін жақсы түсінеді.
Big Bang MP-11 Water Blue Sapphire
Біз алдында Hublot — бұл сағат қана емес, одан көбірек деп айтқанбыз. Біз оны ойлау тәсілі деп айта аламыз. Көктегі амбициялар мен сәннің үйлесімі. Жазға аяқ басар алдында бренд дәстүрлі түрде сапфир жинағын ең трендтік реңктермен толықтырады. Жаңа Big Bang MP-11 — нәзік-көгілдір түсте. (Қазақстандықтардың жүрегінде бұл түс әсіресе қатты үн қалдырады.) Еуропалықтар үшін бұл түс тыныш теңіз жағажайларды және өмірде орын тек жұмысқа ғана емес, демалысқа да болуы керегін еске түсіреді. 45 мм массивті корпусы бар сағат жүрудің екі апталық қорын иеленген — жеке батареяны қайта зарядтауға тура соншалықты уақыт қажет. Саны — 50 дана.
Big Bang Unico Sapphire Pink
Бұл жаңашылдық лезде ең табысты азиялық қоғамдық желілерде көзге түсті. Эмоциясын шығармайтын сағаттық эксперттердің өзі де өздерін ұстамай, Unico хронометрі бар өте нәзік ашық қызғылт реңктегі таңдаулы моделін тағып көруге кезекке тұрды. Шынымен барбикор қатаң сағат өнеріне де жетіп алған ба? Модель соншалықты жеңіл әрі жарқын көрінеді, тіпті тәтті кәмпиттен немесе сирек кездесетін асыл тастан қашалған сияқты. Корпустың диаметрі 42 мм толығымен мөлдір қызғылт сапфирден жасалған. Жүру қоры 72 сағатты құрайды.
Big Bang Unico Orange Ceramic
Hublot-тан Big Bang Unico жинағы ашық қызғылт сары керамикадағы сағатпен толықтырылды. Marie Claire Kazakhstan редакторы кезінде брендтің швейцариялық мануфактурасында болған және аңыздың құрастыру процессін жеке бақылаған.. Дегенмен, компанияның қатал құпиясын — экслюзивті реңктердегі түсті керамиканың өндірісін — әлі де ешкімге ашпайды. Жаңа модельдің корпусы, безелі, индекстері, сағат тілдері және каучуктан жасалған бауы біріңғай апельсин түстес реңкте жасалған, жарқындықты күшейту үшін контрастық қара кірістірулер қосылған. Big Bang Unico Orange Ceramic сағаты 250 данада шектеулі серияда шығарылған.